1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері



бет1/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық
әдістемелік негіздері
Спорт педагогикасының әдіснамасы мен зерттеу әдістері
Дене шынықтыру мен спорт саласы мамандарының кәсіби-педагогикалық құзіреттілігі

«Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс» - бала «эгейн» - баланы жетектеу, басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам бүкіл өзінің өмірі бойында тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика ғылымында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздіктерінде педагогика ғылымына берілген әр түрлі анықтамаларды кездестіреді. Ең көп кездесетіні: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым деген анықтамалар. Ал педагогика пәніне берілген анықтамалар да әр түрлі. Педагогика пәні - адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәні – тәрбиелік іс-әрекет, педагогика пәні арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала. Ең негізгісі педагогика тәрбие туралы ғылым. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда болмыс, материя , қозғалыс, саяси эканомикада – қоғамның өндіргіш күштері ме өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту ұғымдары жатады.


Педагогикалық ұғымдардың бірі – т ә р б и е. Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық – тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейін мекеме, оқу – тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары. Тәрбие - белгілі жоғарғы мақсатқа бағытталған процесс: а)жас ұрпақтың рухани дене күштерін дамыту; ә) ғылыми – материалистік дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өміріне, қоғамдық өндірістік белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндетін қамтиды. Тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту. Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. Бұл процестің барысында білім беру тәрбие – беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылды. Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс. Педагогиканың анықтамасының құрамына: тәрбие , білім беру. Оқыту. Ұғымдарымен қатар өздігінен білім алу ұғымы да аламыз.Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздген байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеру, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды таңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге адамның жетілуі, дамуы, өзін-өзі тәрбиелеуі ұғымдарымен бүгінгі педагогика өзінің зерттейтін проблемаларының шеңберін толықтырады. Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілуі процессі. Жеке адамның дамуына, жетілуіне мақсатты түрде жүргізілген тәрбие мен оқыту роль атқарады. Жеке адамның қалыптасуына өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін- өзі тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс. Педагогикада бұл негізгі ұғымдардан басқа көптеген түсініктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, білім, іскерлік, дағды, әдіс, тәсіл, құралдар, жұмыс формалары, қағидат т.б. Тәрбие педагогикалық кең мағынада – бұл мақсат көзделген процесс, қоғамның арнайы бөлінген адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілерінің басқаруы мен жүргізілетін процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешенді факторларды пайдалана отырып ерекше әдіс – тәсіл қолданады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет