Әдебиеттер
Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы 8 том (орыс тілінде) М., 1950
Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы Алматы, «Мектеп», 1984
Ильина Т.А. Педагогика оқу құралы. Алматы, 1977
Қоянбаев Н, Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998
Қоянбаев Ж.Б. Педагогиканы оқудың кейбір мәселелері. Алматы, 1978
Харламов И.Ф. Педагогика. М., 1990
С.Көбейұлының мұралары. Алматы, 1991
Сағындықұлы Е. Дәрістер курсы. Алматы, 1999
7 лекция: Педагогикалық шеберлік-педагогикалық мәдениетінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Жаттықтырушының, дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны мен құрылымы
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» - «Жалпы білім беретін мектепмің мақсаты- жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау» деп атап көрсетеді. Сонымен, оқу орындарының мақсаты - жастарды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары адамгершілік позитцияларын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу. Бұл мақсаттар мынадай комплекстік міндеттерді талап етеді; дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу - секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап пайдалана білуге әзірлеу, кәсіп таңдау, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуіне өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау. Тәрбиенің нақты мақсаты - өз мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу;
- оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатын ұлттық рухты сініру, тіл мен әдебіетті, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрлерін менгеру;
-оқушыларды интернационалистик рухта, өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрі мен тілін құрметтеуге баулу;
- әрбір оқушының бойына оқып үйренсем деген іздемпаздылық қасиет дарыту, оларға өз білімін толықтыру, тереңдету тәсілдерін үйрету, білуге құштарлығын ояту;
- адам, табиғат, қоғам туралы ең қжетті білімдерін қаруландыру, политикалық білім берудің қолданбалы бағытын күшейту;
- оқушыларды өздерінің әлеуметтік сұрныстарына сай етіп оқыту, саралап, даралап оқытуды кеңінен пайдалану, қаруларына қарай алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы даярлықтан өткізу;
- бүгінгі күннің талаптарына сай нарықтық экономикалық элементтерін меңгерту, таланты мен қабілетін жетілдіру, ой-санасы мен еркін ұштап, өз мүмкіндігін барынша аша түсуге жәрдемдесу;
- жаңа экономикалық қатынастар, әлеуметтік сұраныс жас ұрпақты өмірге еркін араластыру үшін, оларға ұлттық, бүкіл адамзаттық рухани байлығымен тныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |