1,Оқушылардың қалай білім алғандығы өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыз?



Дата04.04.2023
өлшемі14,14 Kb.
#79091
түріСабақ
Байланысты:
Тест фонетика


САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП ЖАЗУ НЫСАНЫ (ЦИКЛ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН) Рефлексиялық есеп жазуға жетелейтін сұрақтар
1,Оқушылардың қалай білім алғандығы өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыз?
Бұл сіздің болашақтағы тəжірибеге қалай ықпал етеді? 150
2 Бұрын оқушылар жайлы білмеген қандай жайттарды анықтадыңыз?
Бұл сіздің болашақтағы тəжірибеңізге қалай ықпал етеді? 150
Оқыту мен оқу жайлы (жоғарыда айтылмаған) тағы нені анықтадыңыз? Бұл сіздің болашақтағы тəжірибеңізге қалай ықпал етеді? 150
4 Анықталғандардың оқу бағдарламасына, бағалауға жəне педагогикаға ықпалы бар ма? 250
5 Зерттеу жобасы бойынша əріптестеріңізбен бөлісетініңіз бар ма? 150

Тест Фонетика бойынша


1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы,И,Ү,У... В) О,У,Е,І... С) Ә,І,Е,Ө... Д) Ә,А,О,Ү... Е) И,Е,А,Ө...
4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) ә, и. В) ү, і. С) а, о. Д) ө, ә. Е) у, і.
5. «О» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жуан. В) Қысаң. С) Езулік. Д) Дауыссыз. Е) Жіңішке.
6. Жуан әрі еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) е, а В) ә, а С) о, ұ Д) и, ө Е) ү, і
7. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кету. В) Жүру. С) Жету. Д) Секіру. Е) Қайту.
8. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д, в, е В) б, й, р С) п, ш, қ Д) м, ң, н Е) ғ, л, у
9. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) В,Б,Г,Ғ,Ж В) Д,З,Һ,Т,В С) К,С,Т,Ш,Л Д) Б,В,К,С,Д Е) Л,Д,Р,М,П
10. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) жеміс В) қонақ С) достық Д) рақат Е) шығарма
11. Ашық буынды көрсетіңіз.
А) ой В) жас С) бас Д) ал Е) қа
12. «Серт» сөзі буынның қандай түріне жататынын табыңыз.
А) Төрт дыбысты ашық буын В) Екі дыбысты бітеу буын С) Төрт дыбысты тұйық буын
Д) Үш дыбысты ашық буын Е) Төрт дыбысты бітеу буын
13. Бірынғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым. В) Аш, ат, от. С) Есім, мысал, көп. Д) Ал, жай, көр. Е) Ет, кес, аса.
14. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Ша-ппа-шот. В) Көрс-ет. С) Бас-па-сөзд-ен. Д) А-лыс-тан. Е) Ыст-ық .
15. Қазақ тілінде буынның неше түрі барын көрсетіңіз.
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 7 Е) 5
16. Ашық , тұйық , бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Туысқан. В) Жұрағат. С) Қиылыс. Д) Жиналыс. Е) Қатысқан.
17. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер В) Қайраткер С) Қолғанат Д) Қуанышты Е) Саяхат
18. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Орман. В) Өнер. С) Жазушы. Д) Мектептер. Е) Қолөнер.
19. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.
20. Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.
А) Халық . В) Қазақ . С) Арман. Д) Ғылым. Е) Адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет