Соөж шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар, бастауыш сыныптағы шығарма



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі107,96 Kb.
#129533
  1   2   3
Байланысты:
СОӨЖ



Бекбергенова Асем
 
СОӨЖ 
 
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар, бастауыш сыныптағы шығарма 
көлемінің мөлшерін анықтап жазу.
 
Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз –
белгілі бір тақырып бойынша өз ойын 
жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша мәтінді өзінше құрап, өзінше 
жазады.
«Шығарма» терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, 
оқушылардың өмірде өз көрген
-
білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, 
түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз. Бастауыш сыныптарда балалардың 
жазатын шығармаларын мынадай топтарға бөлуге болады:
1) оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;
2) экскурсия бойынша;
3) өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрінің спектаклдері т.б.) байланысты;
4) оқушының өз іс
-
әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.
Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола 
тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасы төмендегідей:
 
ІІ сыныпта 20
-
30 сөз,
ІІІ сыныпта 30
-
60 сөз,
ІV сыныпта 60
-130 
дейін барады.
Шығарма
-
мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының 
әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.
Шығарма жазу 1
-
ші сыныпта басталады.Алғашқы шығармалар көлемі жағынан 
шағын болады.1
-
сыныпта шығарма жазу үшін арнайы сабақтар қажет емес.
Шығарма қазақ тілі сабағының негізгі бөлігі болып табылады.Шығарманың 
тақырыбы алдын
-
ала таңдалып алынады немесе оқылған ,өткен тақырыптарға 
сәйкестендіріп алынады.
Шығарма жазу барысында оқушылар қазақ тілі сабағында алған
білім мен білік 
дағдыларын қолданады.Барлық жұмыстар мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. 1
-
ші сыныптағы шығарма жазу үйретуші бағытта жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет