Сабақтың басында оқушыларды түгендеп, психологиялық қолайлы орта орнатамын. «Төңкерілген сабақ» әдісі арқылы «For циклі» тақырыбын үйде оқуға, берілген сұрақтар бойынша конспект жазуға тапсырма берілген. Сұрақтар бойынша кіріспе жасап ауызша сұраймын: For циклі неге параметрлі деп аталады?
Range командасының қызметі неде?
In командасы қандай рөл атқарады?
Бұл циклдің түрін қандай жағдайда қолданған тиімді?
for x in range(5) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 5)
(for x in range(1, 4) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 3)
for x in range(1, 10, 3) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 3)
for x in range(8, 4) циклы қанша рет орындалады? (Жауап: 0) - Бұл нұсқа неге бір рет те орындалмайтынын талқылау үшін ұсынылады.
for x in range(8, 4, -2) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 2
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері алдын ала берілген. Сабаққа бірден кірісіп кетеміз.
Оқушылар алған білімдерімен бөліседі.
Сұраққа жауап береді.
Топтық жұмыс. «Түйінді ой» әдісі.
Әр топқа параметрлі цикл қолданылған блок схема беріледі.
Тапсырма: Топта талқылай отырып есептің шартын анықтаңыз.
1 топ (төменгі деңгей) Он санның қосындысын есептеу