1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет33/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

Қосымша:

  1. Барлыбаева Г.Г. «Эволюция этических идей в казахской философии». – Алматы, 2011.

  2. Зотов А.Ф. «Современная Западная философия».– М.: Высшая школа, 2012.кола, 2012

9 Дәріс Этика. Құндылықтар философиясы


1. Аксиология және адамгершілік ұғымы.
2. Этикалық ілімдердің тарихи
типтері.

3. Негізгі этикалық
категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят,
еркіндік).

Философиялық құндылық
Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.[1]
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Философиялық құндылықтар
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Шынайы және алдамшы құндылықтар
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.[1]
Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.[2][3]
Ұлттық құндылықтар
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен құндылықтар түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид пен этнос өмірінің дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс істеуі оның деңгейіне байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар ұлт субъектісінің қоршаған шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды.

  • Философиядағы құндылықтар мәселесі.

  • Сабақтың мақсаты:

  • Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру.

  • Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, алдымен төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

  • Студенттерге құндылықтардың мән жайын және олардың адам, қоғам өмірінде алатын орнын ашып көрсету; Философия тарихында көтерілген құндылық мәселесіне шолу жасай отырып, құндылықтардың философиялық мазмұнын ашу; Студенттердің ғылыми дүниетанымының, тұлғалық мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылықтардың қызметін түсіндіру;

  • Студенттерге бүгінгі таңда тәуелсіздікті нығайту жолында, ұлттық құндылықтардың қажеттілік негіздерін, жанжақтылығын айту; Студенттерді құндылықтар философиясы бойынша алған білімдерін, әлеуметтік ортада, зерделі - тәжірибелік жолда жүзеге асыра білуге үйрету.

  • Семинар сабағының жоспары:

  • Философиядағы құндылық түсінігі.

  • Құндылықтар типологиясы.

  • Құндылық сананың табиғаты, генезисі және статусы.

  • Философиядағы абсолютті және салыстырмалы жалпы адамзаттық индивидуалды құндылықтар мәселесі.

  • Бақылауға арналған сұрақтар:

  • Құндылық дегеніміз не?

  • Қоғамдық қатынастар мен құрылымдар жүйесінде құндылықтардың алатын орыны қандай?

  • Құндылық пен бағалаудың мәні.

  • Құндылықтар бағдарын қалай түсінесіз?.

  • Адам өміріндегі құндылықтардың атқаратын рөлі қандай?

  • Құндылықтар иерархиясын қалай түсінесіз?

  • Антикалық философияда, құндылық мәселесін философия тұрғысында қарастырған қандай ойшылдар болды ?

  • Дәстүрлі қоғам дамуындағы ұлттық құндылықтардың ерекшелігі неде?

  • Материалдық құндылықтар деген ұғымды қалай түсінесіз?

  • Рухани құндылықтарға не жатады?

  • Құндылық пен қажеттіліктің адам өміріндегі ажырамас бірлігі неде?

  • Негізгі ұғымдар:

  • Аксиология - құндылық жаратылысы туралы, яғни құндылықтардың адам өміріндегі орны мен құрылымын, әлеуметтік - мәдени қызметтерін зерттейтін философиялық ілім.

  • Құндылық - адамның дүниеге қатынасы мен дүниедегі алатын орнын, қоғамдық қызметінің мәдени ерекшеліктерін түсіндіретін философиялық ұғым.

  • Құндылықтар - адамның өмірдегі рухани және материалдық қажетіліктерді өтеу жолындағы қалыпты мәндер.

  • Рухани құндылықтар – адам өмірінің рухани мәнін көрсететін ақыл - парасат, білім және т. б. мақсат болып табылатын игіліктер.

  • Қайырымдылық - адам мүдделерінің ортақтығын, бірлігін, алға қойған ізгі мұратқа жетуін (соған ұмтылысын ) білдіретін аксиологиялық ұғым.

  • Бақыт - идеалдылық, шынайылық, игілік секілді рухани және материалдық қажеттіліктердің жүзеге асуы, адамның тұлғалық қасиеттерінің өлшемі.

  • Игілік- адамның белгілі бір қажеттіліктерінің жүзеге асуын, адамдардың ортақ мүдделеріне, мақсаттары мен ниеттеріне сәйкес келетін нәрселер мен құбылыстарды белгілейтін аксиологиялық ұғым.

  • Идеалдылық- адамның белгілі мақсатты көздеген іс- әрекетінде пайда болатын обьективттік нақтылықтың субьективтік бейнесі.

  • Иерархия - тігінен алғанда жеке деңгейлер араларындағы тәртіптілікпен , жүйелілік пен және өзара іс- қимыл мен, байланыстар мен сипатталатын көп қатпарлы күрделі жүйелердің құрылымдық қатынастар типі.

  • Дәстүр - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын әдет- ғұрыптар, салт- сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез құлық қалыптары және т. б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік- мәдени мұра құндылықтарының элементтері.

  • Материалдық құндылықтар - адамның өмір сүруіне қажетті игіліктер ( тұрмыс, материиалдық өндіріс , киім және т. б. ).

  • Құндылықтар бағдары дегеніміз - адам іс- әрекеттері мен адамдардың қоғамдық ынтымақтастығын нығайту ( оған рухани, ұлттық-дәстүр құндылықтары мен материалдық, саяси құндылықтар бағдарын жатқызуға болады).

  • Бағалау субьектісі дегеніміз - тұлға, әлеуметтік топ, қоғам.

  • Мәнжазба тақырыптары:

  • Құндылық түрлері және олардың иерархиялық баиланысы.

  • Ақиқат және құндылық.

  • Тұлғалық қатынастардың, топтық және жалпы адамзаттық құндылықтары.

  • Адам іс-әрекетін реттеу: нормалар, идеалдар,құндылықтар.

  • Рухани құндылық адам өмірінің басты мағынасы ретінде.

  • Ұлттық болмыс және дәстүр құндылықтарының баиланысы.

  • Экзистенциалдық философиядағы адам және өмір құндылықтары.

  • ХІХ- ХХ ғ. ғ.Батыс философиясындағы құндылықтар теориясы.

  • Дәстүр құндылықтарының ұлтық мәдениеттің дамуындағы ролі.

  • 10. Прагматизм философиясындағы құндылық бағдары.

  • Тест сүрақтары:

  • 1. Төмендегі ілімдердің қайсысы құндылық түсінігін ашады?.

  • 1) Аксиология; 2) Гносеология; 3) Онтология; 4) Антропология ; 5) Мәдениеттану ;

  • 2. Көне Грек философиясында, құндылықтардың жиынтығы " ізгілік" ұғым қалай аталады ?

  • 1) агатон; 2) аллегория; 3) филия; 4) аксиома; 5) агносия;

  • 3. Тұлғалық құндылықтар қалай қалыптасады ?

  • 1) тәрбие - білім беру, өмірлік тәжірибе жинақтау негізінде;

  • 2) табиғатты игеру арқылы;

  • 3) әлеуметтік дағдарыс жасау арқылы;

  • 4) алдау, арбау арқылы;

  • 5) зорлық зомбылық арқылы;

  • 4. Сократтың түсіндіруінше ең басты рухани құндылық.

  • 1) түсінік, білім, әділеттілік; 2) билік; 3) байлық; 4) лауазым; 5) ләззат;

  • 5. Рухани құндылықтарға не жатады?.

  • 1) игілік, ақиқат, әсемдік… 2) саяси…3) материалдық; 4) денсаулық; 5) әлеуметтік;

  • 6. Философия тарихында құндылықты қайта бағалау проблемасын қойған кім ?

  • 1) Ницше; 2) Аристотель; 3) Спиноза; 4) Декарт; 5) Маркс;

  • 7. « Адам -- барлық заттардың өлшемі» деген қанатты сөздің авторы:

  • 1) Протагор; 2) Сократ; 3) Демокрит; 4) Платон; 5) Аристотель;

  • 8. Құндылықтық қатынастар жағдайындағы басты құндылық:

  • 1) іскерлік; 2) билік; 3) идеология; 4) көзқарас; 5) шыншылдық;

  • 9. Философия тарихында құндылыққа қатысты социологиялық концепцияның негізін салушы: 1) Вебер; 2) Аристотель; 3) Фейербах; 4) Кант; 5) Гегель;

  • 10. Идеал ұғымы нені білдіреді ?

  • 1) адам мұраты; 2) әдептілік; 3) қызмет ету; 4) тіршілік; 5) өнер;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет