1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет35/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

Феноменологиябұл философиялық бағыт, сірескен натурализмнен философиялық сананы азат ете отырып, рефлексивтік сананың өзіңдік әрекеті мен ондағы мазмұндардың төркіні туралы философияның өрісін кеңейтіп, танымның негізгі көзін адамзаттың өмір сүруі мен мәдениетінен іздейді. Бұл бағыт өз бастамасын неміс философы Э.Гуссерльден (1859-1938) алады. Оның түсінігінше феноменология жаңа, қатаң философиялық ғылым ретінде яғни таза мән күйіндегі әлемді идеалды болмыс ретінде бейнелейтін сана феномені, сананы жекеленген нақты эмпирикалық мазмұндарынан тазартуға мүмкіндік беретін өз өзіне аян логикалық принцип. Бұл көп сатылы “феноменологиялық редукция” методының көмегімен жүзеге асып, нәтижесінде керек емесін тысқары тастап немесе “жақша ішіне алып” барлық қоршаған әлемді, барлық өмір сүруші көзқарасты, ғылыми теорияларды және зерттелудің пәніне айналып, отырған өмір сүру жөніндегі сұрақтың өзін қоса қарастырады. Осылайша біз реальдылық пен қатынастан босап, өз мазмұнының барлық байлығын сақтай отырып, сананың сферасындағы заттың өзіне қайта ораламыз. Бұндай редукция, яғни мәлімет, өзімен бірге негіздеу мен идеализациялау тәсілін ала жіреді. Демек, осы тұрғыдан қарағанда феноменология барынша байытылған және идеализацияланған ғылыми факта болалады. Гуссерлдің өзі оны дескриптивтік, не болмаса суреттеп беретін ғылым деп атаған болатын.
Феноменология таза, яғни затқа, таңбаларға дейінгі сананы бөлуге ұмтылады, немесе “субъективтік ағым”, және оның ерекшелігін анықтайды. Оның осылай болу себебі, сананың әртүрлі функциялармен күрделі қалыптасуында жатыр. “Таза” сананы бөле отырып, сананың жалпы мәнін түсінуге болады. Сананың басты сипаты жалпы оның әрдайым затқа деген бағыты, яғни қарқындылығы.
Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ.
Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
Позитивизмнің екінші тарихи формасы - эмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия – табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет