3.Көне каз-н дүние-танымдық көзқарастары Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлегі ретінде, осыдан екі жарым мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой үрдістерінен өшпес із қалдырған скифтік Анахарсисті – Анарыс- айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис – аты анызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, соның ықпалында болып данышпандылығымен атағы шыққан.
Көптеген жазбаларда сақ-скиф философы Анахарсисті көне дүниенің «жеті ғұламасымен» байланысты сөз етеді. Сол авторлар жеті ғұламаға Фалес, Солон, Периандр, Клеобул, Хилон, Биант және Питтактиді жатқызады. Анахарсис туралы пікір айтқан философтар біршама, солардың арасында Секст Эмпирик Анахарсисті «жеті ғұламаның бірі»- деп санайды. Сегізінші ғасырдың басында жазылған аталмыш жәдігерліктер стилі ғ-ға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара стильдік айырмашылықтары болғанымен, оқиға желілері, баяндау үлгіері, дүниетанымдық арқауы өте ұқсас.
Орхон-Енисей жазбалары, «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, анимистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны бай қалады. Қазақ халқының алғы философиялық және дүниетанымның қалыптасуына мифологиялық ертегілері; хайуанаттар жайындағы ертегілері; реалистік ертегілерінің де әсері өте үлкен болды.
2 . Қазақ даласының ойшылдары Жүсіп Баласаұун -11 ғ. Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуірсіз Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес.
Жүсіп Баласағұн аса көрнекті ақын, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшылы, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол- философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан «Құтты білік» кітабы- сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек. Сондықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатың дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Сонымен бірге, Жүсіптің поэмасы көне түркілердің тілдік сана - сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіші. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этникалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туысққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарастар тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазак халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан «Манас» пен «Құтты білік» арасында айқын ұқсастықтар бар.
Қожа Ахмет Иассауи – 1094/1167 Ахмет Иассауи- 12 ғ. көне түркі тілінде жазылған «Диуани Хикмет» -«Даналық кітабы»- кітабының авторы. Көрнекті ғалым А.К.Боровковтың пікірі бойынша, «Даналық кітабы» оғыз қыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған туынды. Ақынның кең өлкені көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауызекі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз. «Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты».
Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып, тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәрки дүниеге салынады. О дүниенің мәнгілігін жырлайды. Өз танымы бойынша Иассауи сопы болды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап, сопылық ілімін ұстанды. Еңбекші бұқарадан шыққан ойшыл дүние қызығынан түңілуге бет алды. Байлықтың азғындығын, бай адамдар жұмаққа жетіп, Құдай рахымын иелене алмайды деп түсінді. Мұндай ойлар тек қана оның емес, басқа да кедей отбасыларының шыққан адамдарға тән еді.
Иассаудың басты көздеген мақсаты- Құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: «Кімде-кім Құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқаның көре алады».
Иассауи суфизмнің ең биік шыңы- оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардаң артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны Құдай қатарына қосты».
Суфизмдегі негізгі доктрина Құдайды мистикалық сүю болып табылады. Сопылар мистикалық сүю арқылы эстетикалық ұмтылыстарымен, жан-жүйесінің азап шегумен және кездесуге құлшынумен Құдаймен табысуға тырысады.
Махмут Қашқари- 11 ғ. Орта ғасырлық жұлдыздарымыздың бірі - Махмұт Қашғари /11ғ./ Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Талас өңіріндегі Баласағун қаласында өмір сүрген ғалым. Ол – ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы «Түркі тілдірінің жинағы» - «Диуани лұғат ат-түрік»- кітабын 1072-74 жылдары жазған. Өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. Сойтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып шыққан.
«Диуани лұғат ат-түрік» тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік емес, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып саналады. Бұл түсіндірме сөздігіне автор халық әдебиеті үлгілерін, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер және халық фольклорын өте орынды пайдалана білген. Сондай-ақ алғашқы қауым адамдарының тұрмыс-тіршілігін, болмысын, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің тамаша үлгері бізге Махмұт Қашқари еңбектері арқылы жетті. Түсіндірме сөздік 11 ғ. Қарахан дәуірінде дүниеге келген мұра. Оның толық аты-жөні – Махмұт ибн – ул-Хусаин Мухаммед әл-Қашқари.
Соның негізінде М.Қашқаридың - «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегі бүкіл түркі жұртына түсінікті және ортақ рухани мұрасына айналып отыр. Автордың бұл шығармасы мазмұны жағынан сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінің, ой- танымның сан алуан өзіндік сипатын әр жақты қамтитын материалдарды бес алаға бөліп қарастырған:
1.белгілі бір тайпаға тәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры – лексикасы;
2.түркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мәліметтер;
3. түркі тілдерін топтастыру;
4.түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер;
5.түріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы және фольклоры жайындағы мәліметтер.