1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет38/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

НеокантианствоХ1Х ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде орын алған философиялық бағыт, яғни оның өкілдерінің шешпек болған философиялық проблемаларының өзегі сонау классикалық неміс философиясының алғашқы өкілі И.Кант философиясын талдаудан келіп шығады. Ол Германияда ХІХ ғасырдың 60 жылдарында орын алды. Неконтианстваның көпшілікке кең таралуы кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болмақ. Бұнда екі философиялық мектеп орын алады: Марбург және Баден немесе Фрейбург. Бұл мектептерге тән жалпы мәселелер Кант ілімінің ақылға сыйымды тұстарын қазіргі жағдайға қолайлы философиялық принциптерге сүйене отырып, қоғам мен ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге, ғылыми танымның методтарын зерттеуде философияны ғылымның сыни теориясы ретінде түсінуге тырысты: шындықты түсіндірудегі трансцендентальдық методқа арқа сүйеуге, таным шындықты бейнелеу немесе реальдылықты ұсыну ғана емес екендігіне сәйкес түсіндіруге, жалпы ғылымдағы танымның предметін іс-әрекет ретінде қалыптастыруға бағытталды.
Бірақта неокантиандықтың әртүрлі мектептері бұл жалпы принципті талдауда бір-бірінен өзгешеліктері жетерлік. Марбург мектебінің өкілі – Г.Коген (1842-1918), П.Наторп (1854-1924), Э.Кассирер (1874-1945) танымның трансцендентальдық методын өңдеуге бар күштерін салып, ғылыми танымды психологизмнен, яғни ғылыми білімнің антропологиялық негіздегі бірлігінен босатуға тырысып бақты.
Баден мектебінің өкілдері – В.Виндельбанд (1848-1945) және Г.Риккерт (1863-1936) ғылыми танымның методологиясын өндей отырып, оның философиядағы мәніне аса назар аударды. Философия олардың ойынша аксиология- құндылық туралы, нормативтік ілім. Оның пәніне субъекті мен құндылықтардың қатынасын зерттеу жатады. Риккерт бойынша, құндылық өз алдына бір “патшалықты” қалыптастырып, субъект пен объектінің арғы жағында жатырған “трансцендентальдық әлемнің маңызын” көрсетеді.
Экзистенциализм - ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.
Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет