Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Криоскопия құбылысы деген не?
Изотоникалық ерітінділерді қалай түсінесіз?
Осмотикалық қысым қандай қысым?
Вант-Гофф теңдеуі.
Таралу заңы анықтамасы.
1. Осмос - бұл:
A) еріткіштің, еріген заттың молекуласының концентрациясы теңескенше өз бетімен жартылай өткізгіш арқылы өтуі;
B) еріген заттың ертіндіден буға өтуі;
С)еріткіштің жартылай өткізгіш арқылы өз бетімен өтуі;
D) еріген заттың өз бетімен жартылай өткізгіш арқылы ертіндіге өтуі;
E) өз бетіменмолекуланыңөтуітабиғатына тәуелді.
*****
2.Таралу коэффициенті – бұл: A)екі араласпайтын сұйық арасындағы таралған заттың концентрациясының қатынасы; B) екі араласпайтын сұйықтың ыдыстың көлемінде таралуы;
С) идеалды газ молекуласының энергетикалық деңгей бойынша таралуы; D) реалды газ молекуласының энергетикалық деңгей бойынша таралуы; E) екі жақсы араласатын сұйық арасындағы таралған заттың концентрациясының қатынасы; *****
3.Криоскопия - бұл:
A) бөлінбей қайнайтын сұйықтың;
B) еріткішке ұшпайтын зат қосқанда кристалдану температурасының төмендеуін анықтау;
С) балқу температурасы төмен екі компонентті қоспаның түзілуі;
D) қысым жоғарлағанда сұйықтың қайнау температурасының жоғарлауы;
E) екі сұйықтың ерігіштігінің жоғарғы шекті нүктесінің синонимі.
*****
4.Осмос - бұл:
A) еріткіштің, еріген заттың молекуласының концентрациясы теңескенше өз бетімен жартылай өткізгіш арқылы өтуі;
B) еріген заттың ертіндіден буға өтуі;
С)еріткіштің жартылай өткізгіш арқылы өз бетімен өтуі;
D) еріген заттың өз бетімен жартылай өткізгіш арқылы ертіндіге өтуі;
E) өз бетіменмолекуланың өтуі табиғатына тәуелді.
*****
5.Ертіндінің концентрациясын есептеу теңдеуінің қайсысы дұрыс емес?
A) моляльдік mi=(ni/1 ертіндінің литрі).
B) массалық үлес Wi=(mi/∑mi), мұнда mi - i-го компонентінің массасы;
С) көлемдік үлес φi=(Vi/V), мұнда V- ертіндінің көлемі;
D) молярлы концентрация Ci=(ni/V);
E) мольдік үлес Ni=(ni/∑ni);
*****
6.Вант — Гоффтың изотондық коэффициентін есептеу теңдеуі:
A) i = сRТ;
B) i=1+A(n-1);
С) i = A-(n-1);
D) i = A+(n+1);
E) i = ∑nj(прод) - ∑ni (исх).
*****
7.Вант — Гоффтың изотондық коэффициентін есептеу үшін қандай эксперименттік мәндер қолданбайды?
A) осмос қысымы;
B) ертінді бетіндідегі бу қысымы;
С) ертіндінің қату температурасының төмендеуі;
D) ертіндінің қайнау температурасының жоғарлауы;
E) келтірілген мәннің барлығы қолдануы мүмкін;
2
№ 9
дәріс
№9 Формальді кинетика. Химиялық кинетиканың теориялары. Жоспар: Химиялық реакция механизмі. Химиялық реакцияның жылдамдығы, оған әсер етуші факторлар.
Химиялық реакцияның молекулалығы мен реті. Химиялық реакцияның жылдамдық тұрақтысы, оның физикалық мәні, өлшемі.
Химиялық реакциялардың уақытқа байланысты жүру заңдылықтарын зерттейтiн физикалық химияның бөлiмi химиялық кинетика деп аталады. Ол химиялық процестердiң жылдамдықтары мен фазалардың өзгеру жылдамдықтарын қарастырады. Химиялық реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Егер бір химиялық реакция өте баяу жүретін болса, басқалары өте тез, ал кейбірі қопарылыс бере жүреді.
Реакциялардың жылдамдықтары көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда: концентрация, реакцияларға түсетiн заттардың табиғаты, қысымы, катализатордың қатысуы, температура және т.б. Химиялық реакциялардың кинетикасы – екi негiзгi бөлiмнен тұрады: бiрiншiсi - формалдық кинетика: ол реакцияның механизмiн қарастырмай, реакция жылдамдығын тек формалдық–математикалық түрде сипаттайды, ал екiншiсi – химиялық әрекеттесудiң механизмi туралы iлiм.
Химиялық кинетика реакция компонентерiнiң бiр және бiрнеше фазалардан тұратынына байланысты гомогендi реакциялардыңкинетикасы және гетерогендiк реакциялардың кинетикасы болып екiге бөлiнедi.
Химиялық кинетиканың негiзгi шамаларының бiрi - реакция жылдамдығы.
Химиялық реакцияның жылдамдығы уақыт бiрлiгiнде реакцияға түсетiн заттардың концентрацияларының өзгеруiмен сипатталады. Реакция жылдамдығы уақыттың функциясы болғандықтан, әдетте орташа жылдамдық және шын жылдамдық деген шамалар қолданылады. Орташа жылдамдық бірлік уақыт ішіндегі соңғы концентрацияның өзгерісін өрнектесе, нақты немесе шын жылдамдық шексіз аз уақыт бірлігінде концентрация өзгерісін көрсетеді.
Орташа жылдамдық мына теңдеумен анықталады:
Мұндағы t–уақыт, С–реагенттiң концентрациясы.
Нақты жылдамдық:
Химиялық реакциялардың жылдамдығы көлем өзгермеген жағдайда реакцияға қатысатын не одан шыққан өнімнің бірінің концентрациясының белгілі бір уақыт бірлігінде өзгеруімен анықталады, әдетте концентрация – моль/л, уақыт – мин немесе сек. өлшенеді.
Химиялық реакцияға А және В заты түсіп, С және Д заттары түзілсе, бастапқыда (τ1) А және В заттырының концентрациялары (С1) жоғары болады. Біраз уақыттан соң (τ2) оның концентрациясы азаяды.
Реакция жылдамдығына мына жағдайлар әсерін тигізеді: реакцияға кіретін заттар концентарциясы;реакцияның температурасы;газ тәрізді заттар қатынасса қысым;катализатор.