Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Қаныққан бу қысымы деген не?
Идеал ерітінділерге қандай ертінде жатады?
Рауль заңы анықтамасы.
Рауль заңынан оң және теріс ауытқулар, оның себептері.
Коновалов заңдары. Азеотроп ерітінділерге қандай ертінді жатады?
1.Идеалды система үшін Рауль заңының теңдеуі:
A) µi=µi0+RTlnPi;
B) lg P=-A/T+B;
С) PA=P0A *NA; PB=P0B*NB;
D) fA=PA*γA; fB=PB*γB;
E) Kf=KP*Kγ;
*****
2.Эбуллиоскопия - бұл:
A) бөлінбей қайнайтын сұйықтардың түзілуі;
B) системадағы бу фазаның сұйықтан бөлінуі;
С)екі араласпайтын сұйық арасында үшінші заттың таралуы;
D) оған ұшпайтын зат қосқанда еріткіштің қайнау температурасының жоғарлауын зерттеу;
E) шекті температураға жеткенде екі шекті еритін сұйықтың толық өзара ерігіштігі;
*****
3.Рауль заңына сәйкес:
A) сұйық және бу фазалар құрамы P,t-диаграммасында максимум және минимум нүктелерінде сәйкес келеді;
B) будың жалпы қысымы максимум арқылы өтеді;
С) екі араласпайтын сұйық арасындағы таралған зат бірдей молекулярлы күйде болады;
D) изотондық коэффициенттің мәні электролиттің табиғаты мен диссоциациялану дәрежесіне тәуелді;
E) компоненттің жалпы және парциалды бу қысымының система құрамына тәуелділігі сызықты;
*****
4.Идеалды ертінді бетіндегі еріткіш бу қысымының салыстырмалы төмендеуі мынаған тең:
A) еріген заттың көлеміне;
B) еріген заттың мольдік үлесіне;
С) еріткіштің мольдік концентрациясына;
D) еріген заттың мольдік көлеміне;
E) ертінді компоненттерінің табиғатына тәуелді.
*****
5.Ұшпайтын зат ертіндісі бетіндегі еріткіштің бу қысымының қату нүктесінде:
A) таза еріткіштің бу қысымынан төмен;
B) таза еріткіштің бу қысымына тең;
С) заттардың табиғатына тәуелді және кез келген болуы мүмкін;
D) температураның абсолюттік мәніне тәуелді;
E) таза еріткіштің бу қысымынан жоғары.
*****
6.Ұшпайтын заттың идеалды ертіндісінің қайнау температурасының жоғарлауы тәуелді:
A) еріген заттың табиғатына тәуелді;
B) еріген заттың концентрациясына;
С) екі компоненттің табиғатына;
D) еріткіштіңбалқу жылуына;
E) еріген заттың булану жылуына;
*****
7.Криометриялық әдіспен заттың молекулалық массасын анықтауға болады:
A) балқу жылуы жоғары мәнді;
B) тек аз ұшатын немесе ұшпайтын;
С) қайнау температурасы төменгі;
D) балқутемпературасы төменгі;
E) еріген заттың табиғатына ешқандай шек жоқ.
*****
8.Рауль заңының қай теңдеуінде қате бар?
A) (P01-P1)/P01=N2.
B) P1=P01*N1;
С)P2=P02*N2;
D) P=P01*N1+P02*N2;
E) P1=P01*(1-N1);
9.Рауль заңына сәйкес, компоненттің жалпы және парциалды бу қысымының система құрамына тәуелділігі:
A) тізбекті;
B) дөңес;
С) төрт бұрышты;
D) әртүрлі болуы мүмкін;
E) сызықты;
*****
1
№ 8
дәріс
№8 Қатты зат-сұйық ерітінді тепе-теңдігі. Жоспар: Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу. Криоскопия.
Осмотикалық қысым. Вант-Гофф жұмысы.
Изотоникалық ерітінділер.
Өзара араласпайтын екі сұйықтықта үшінші компоненттің таралуы. Таралу заңы.
Ерітінділердің түзілу процесі динамикалық құбылыс. Ерітіндіден ерітілетін зат молекулаларының бір бөлігі ерітілетін затқа кері оралады. Соңғы процесс ерітіндіде еріген заттың концентрациясы өскен сайын күшейеді. Соңында еріген заттың концентрациясы берілген температура үшін қандай да бір шекті шама орнығады. Бұл =0 нағыз да табиғи динамикалық тепе-тендік. Түзілген ерітіндіні қанық (қаныққан) деп атайды, ал осы ерітіндінің алынған шекті концентрациясын - ерігіштік дейді. Оны молярлық концентрациямен массалық бірлікте (ерітінді көлеміндегі бірлікте еріген заттың килограмдық санымеи немесе еріткіш массасының бірлігіне) өрнектейді. Затты тазалау үшін қайта кристаллдау әдісін жиі қолданады,бұл тазаланылатын заттың ерігіштігімен ерігіштігі бірдей болатын қоспалардан тазалауға мүмкіндік береді. Егер бөлінетін зат өзара ерігіштікке ықпал етпейді десек, онда ерітінді бөлінетін затқа қатынасы бойынша қаныққан болады, бірақ қоспамен қанығу нүктесінен төмен болады. Еріткіштің бір бөлігін кетірген кезде, мысалы, буландырумен, бөлініп алынатын затқа қатынасы бойынша ерітінді қаныққан болып, одан түнба түсе бастайды. Бірақ ерітінді қоспаға қатынасы бойынша қанықпаған күйінде қалады да одан қоспа тұнбаға түспейді.
Ерітінді мен таза еріткіштің қатаю температураларының арасындағы айырмашылығы қатаю температурасының төмендеуі деп аталады
мұндағы: - таза еріткіштің қатаю температурасы; - ерітіндінің қатаю температурасы; - қатаю температурасы.
Таза құрамдастардың қасиеттері мен құрамынан әртүрлі типтегі ерітінділер үшін қатаю температурасының тәуелділігін айқындау мақсатында, идеалдық, барынша сұйытылған және ндеалды емес ерітінділердегі химиялық потенциалдың өрнектерін пайдаланады.
Еріткіштің белсенділігін ерітіндінің қатаю температуасы тәуелділігінің теңдеуі: