1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялау» тарихи кезеңіне сипаттама беріңіз



бет64/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
80.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялау» тарихи кезеңіне сипаттама беріңіз.
КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991ж. тамыз бүлігі 1991ж. қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991ж. 16 желтоқсанда ҚРның тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын ҚЗның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991ж. соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.Қабылданған құжаттың 1-бабында ҚР тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады.Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады.Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және ҚЗда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады.3 бапта ҚРның және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. ҚРның өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «ҚРның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.«ҚРның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991ж. 16 желтоқсан ҚРның тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986ж.желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді.Көп ұзамай ҚЗды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992ж. 2 наурызда ҚР (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992ж қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар ҚЗ аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды.1992ж. тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет