1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне және оның ерекшеліктеріне талдау жасаңыз



бет2/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
2.Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне және оның ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Қола дәуірі б.з.д. 2-1 мыңжылдақ аралығын қамтиды. Осы кезеңде қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. ҚЗ жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде ҚЗ даласын Оңт.Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңт.Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты – Андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913ж Б.В. Андрианов жүргізген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық ҚЗ.Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі(қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі- көшпелі мал шаруашылығына көшті. Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктері құрыла бастады.
3.Қазақстан аумағындағы скиф-сақ кезеңіне сипаттама беріңіз. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақ-сақтар (скиф)деп аталады.Сақтар (скиф)Қазақстан жерінің негізгі бөлігі б.з.д.VII-I ғ.ғ.мекендегенін деректер көрсетеді.Сақтар туралы тарихи деректер ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста»мен Бехустин сына жазуларында кездеседі. Сақтар (скиф)туралы алғашқы жазба деректер Геродоттың еңбегінде жазылған.Грек жазбаларында сақтарды «азиялық скифтер»деп атаған.Сақтар (скиф)туралы парсы билеушілері Дарий мен Ксеркстің жарлықтары баяндалған жазбалар өте бағалы.Ежелгі парсы деректерінде сақтарды (скиф) «Құдіретті еркектер»деп атаған.Сақтарды (скиф)иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар»деп атаған.Сақтарды (скиф)үш топқа бөлген: хаома сусынын даярлайтын сақтар (скиф),теңіздің арғы жағындағы сақтар (скиф),шошақ бөрікті сақтар (скиф).Парадарайа сақтары Арал теңізінің маңында өмір сүрген.Тиграхауда сақтары «шошақ бөріктілер»деп атаған.Сырдарияның орта ағысында,Тянь-Шаньда,Жетісуда мекендеген.Хаома сусынын дайындайтын сақтар Мургаб аңғарында өмір сүрген-Хаумаварга сақтары деп атаған.Теңіздің ар жағындағы сақтарды жазба деректерде түрлі атпен атайды (дайлар,аргиппейлер,исседондар т.б.). Сақтар (скиф)отырықшы-көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Сақ (скиф)тайпаларының Шырық-рабат,Бабыш-молда,Баланды ескерткіштері туралы грек ғалымы Страбон айтқан.Сақтардың Шырық-рабат қаласы Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның даласы және жартылай далалы аймақтарында тұратын сақтарда түйе өсіру кең дамыған.Сақтардың мал шаруашылығында жылқы өсіру маңызды орын алған.Жетісу аңғарында отырықшы мал шаруашылығы кең тарады.Батыс және Орталық Қазақстанда негізінен көшпелі мал шаруашылығы дамыды.Сақ шаруашылығында ірі қара малы аз өсірілді.Сақ қоғамында жоғарғы билеушінің титулы-көсем болған.Сақ қоғамында көсем аспан мен жердің арасындағы дәнекер болып есептелген.Олардың дүниетанымында көсемдер «мәңгілік» өмір сүрген.Сақ қоғамы жауынгерлер,абыздар,қауым мүшелері болып үш топқа бөлінеді.Сақтарда тайпалар одағын тайпа көсемі басқарды.Тайпа көсемі-бас қолбасшы болды.Оны бүкіл тайпа мүшелері сайлады.Сақ қоғамында әйелдер еркектермен тең құқықта өмір сүрді.Сақ патшасы Зарина б.з.д.VI ғ.Сақ патшасы Томирис б.з.д.531-528 ж.Сақ патшасы Аморга б.з.д.538 жыл.Скунха атты сақ патшасы б.з.д.517 жыл.Б.з.д. IV ғ.сақтар парсылармен соғысты.Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп,өлтірілген парсы патшасы Кир.Парсының патшасы Дарий б.з.д.519-518 ж.сақтарға қарсы жорық жасаған. Парсылармен соғыста сақтың малшысы Ширақ ерлік көрсетіп,қаза тапты.Б.з.д.490 ж.Марафон шайқасында сақтар парсылармен одақтасып,гректерге қарсы соғысты.Александр Македонский б.з.д.IV ғасырда сақтармен соғысты.Көшпенділерде б.з.д.VII ғасырдағы мәдениетке «аң стилі» тарады.«Алтын адам» 1969 ж.Алматы облысы Есік қаласы жанындағы сақ қорғанынан табылған.Сақ қорғандарынан табылған әшекейлер мен бұйымдар «аң стиліне»жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет