1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ХХ ғ. соңындағы Қазақстандағы тілдік жағдайды түсіндіріңіз. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР-ның Заңы



бет66/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
82.ХХ ғ. соңындағы Қазақстандағы тілдік жағдайды түсіндіріңіз. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР-ның Заңы.
ҚРның «ҚР тiл туралы» Заңы 1997ж. 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: ҚРның мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген.Аталған Заңның 1-шi бабында диаспора деген терминге «өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық)» деген түсiнiктеме берiлген, яғни шет елдерде тұрып жатқан бiздiң қандас бауырларымыз. Қазақ халқы өзiнiң тарихи отанында тұрып ақ, ешқандай қуғын-сүргiнсiз ана тiлi мәселесiне келгенде диаспораға айналды.Тiл туралы Заң қабылданғаннан берi, оны жүзеге асыру үшiн ҚЗ Үкiметi бiрқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, 1998ж.14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998ж. 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.Қаншама жетiлген заңдар, бағдарламалар қабылданғанмен, оны iске асыратын адамдар. Әрбiр қазақ азаматының бойында өзiнiң ана тiлiне деген құрмет, оның кұдыретiне бас июшiлiк сезiмi қалыптаспайынша, қазақ тiлiнiң көсегесiн көгерту қиын.
83.1991 жылғы тәуелсіздік кезеңінен бастап Қазақстанның дамуына талдау жасаңыз. Ішкі саясаттың негізгі бағыттары.
Тәуелсіз мемлекетке айналған ҚЗ, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200ж. астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты.Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. ҚЗнан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында көрнекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды.Құрылтайға көптеген елдерден, оның қатарындағы үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден, Өзбекстаннан делегациялар келді.Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992ж. желтоқсанның ортасында өткен ҚЗ халықтарының форумы үлкен рөл атқарды. Форумда тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды.1993ж. соңы ҚЗда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кейін КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң,Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді.Сол кезде Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.Өзін-өзі тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесінін депутаттары мәлімдеп, басқа депутаттарды өздерінен үлгі алуға шақырды. Қараша айының соңына таман өзін-өзі тарату жөнінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері, жүзге тарта жергілікті кеңестер мәлімдеді. Бірқатар халық депутаттары ҚЗ Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы жайлы мәселе көтерді.Осындай жағдайда 1993ж. 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің XI сессиясының екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев, Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық өкілдер қатысты.Кіріспе сөзді Жоғарғы Кеңестің төрағасы сөйледі.Кеңестердің болашағы жөнінде депутаттардың көзқарастары екі ұдай болды. Депутаттардың басым көпшілігі жергілікті кеңестердің өкілеттілігін жаңадан сайланған жергілікті өкілдік органдары жұмыс істей бастағанға дейін, мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтады. Барлық ұйымдастыру-құқықтық істер әкімшілік басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «ҚРның сайлау туралы кодексін» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімін жариялады. Келесі Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет