33.01867-1868 жж. Уақытша ережелерге сипаттама беріңіз. 1868-1869 жж. Торғай және Орал облыстары қазақтарының бас көтеруі. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.
1867-68. Реформалар «Уақытша» сипат алып, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмеді.«Уақытша ережелер» бо-ша Қз жері 3 генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына -Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына- Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.
1.Басқарудағы өзгерістер: ген- губернаторлықтарды басқаратын ген-губернаторлардың билігі күшейтіліп, дара билеушіге айналды. Яғни, шексіз билік. Облыс орталықтарында- полицейлік басқармалар тәртіп бақылау мекемелері құрылды.
2. Сот жүйесіндегі өзгеріс: Халық дәстүрі , ислам қағидаларына сүйенген халықсоты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды.
3.Салық жүйесіндегі өзгеріс:Реформалар бо-ша қазақ халқы жылына 1 рет «түтін салығын» төлейтін еді. Олардың мөлшері жылдан-жылға өсіп отырды. мынадай мөлшерде : түтін салығы- 4 сом, қоғамдық салықтар -1 сом 25 тиын, мектептерге-50 тиын, барлығы
Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс 19 ғ І-жартысында Торғай + Орал облыстарында бұқара халықты қанау жылдан-жылға күшейе түсті.Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. Орал, Орынбор казак-орыс әскерлеріне берілді. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, сондықтан жеңіліске ұшырады.
Маңғыстау көтерілісі – Маңғыстау шаруаларының патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісі.Шығыспен қатынас жасайтын барлық су + керуен жолдары Маңғыстау арқылы өтті. Сондықтан патша үкіметі Маңғыстау түбегін 18 ғ өзіне бағындыруға әрекет еткен. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты.
34.ХІХ ғ. Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетіне талдау жасаңыз. Ән өнерінің дамуы. Ақан сері Қорамсаұлының, Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы. XVIII Қз мәдениеті өткен уақыт дәстүрімен жалғаса дамыды. Қазақ халқы музыка өнеріне ерекше мән берген. XIX ғасырдың басындағы музыкалық + ақындық өнерде Исатай батыр бастаған көтеріліске, оның серігі, ақын Махамбетке арналған өлең-жырлар халық арасында кең тараған. Музыка өнері де жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Кең байтақ қазақ жерінің әр өңірінде күйшілер мектебі мен сал-серілер мектебі қалыптасты. Әр өңір мектебі өзіндік қайталанбас өнерімен ерекшеленді.
Сол тарихи кезенде елге танымал жырау Бұқар ҚалқаманұлыОның жырларының тақырыбы: Отанға деген сүйіспеншілік, халық бірлігі мен батырлық идеясы. Ақын, жыршы Тәттіқара, Ақтамберді жырау, олар халқының мұңын пенделіктен жоғары қойған ұстанымдарымен танымал болды. Ел басына қауіп төнген көзде халықты ерлікке, батырлыққа,шақырды.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843 , Үлкен Қоскөлдің маңы, Ақмола обл, Ресей империясы 1 қазақ ақын, әнші, және сазгер. “Ақтоқты”,“Балқадиша”, “Сырымбет”,“Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, Ж.Кәрменов ел игілігіне айналдырды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола обл Біржан сал ауданы 1897) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ» әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота»,«Шідер», құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Адасқақ»,«Алтын балдақ», «Көкек» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері.