1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама Ежелгі Қз (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қз (VI-XVII ) Жаңа замандағы Қз (XVII-XIX), Қазіргі заманғы Қз (XX). Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол 1 миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі.темір дәуіріне бөлінеді.
Тас дәуірі ( 2,6 млн- 3 мыңж.). Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері. Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола + темір дәуірлеріне бөлінеді. Тас дәуірінің кезеңдері: 1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) б.з.б.2,5-12мың жж. 3 кезеңге бөлінеді: А. Ерте палеолит(б.з.б. 2,5 млн-140мың жж)
Ә. Орта палеолит(б.з.д.140-40мың жж)
Б. Кейінгі палеолит(б.з.д.40-12мың жж)
2. Мезолит (орта тас ғасыры) б.з.д.12-5мың жж.
3. Неолит (жаңа тас ғасыры) б.з.д. 5-3мың жж.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Ғылыми зерттеулерге қарағанда адам баласы осыдан 2 млн жыл бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Олар аң аулап, топтасып өмір сүрді.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40.000). Оны Мустье кезеңі деп атайды. Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңа кезеңі болуымен ерекшенеледі. Адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды,тістері ірі, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Бұл кезеңде тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Кейінгі палеолит(б.з.б.40-12.000). Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалыптасты, оларды Кроманьондықтар деп атаған.
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың ж). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды құралы- садақ пен жебе. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3.000). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. О дүниеде өмір бар деп сенген.