1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің 2021 жылғы 5-қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына талдау жасаңыз



бет70/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

89.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің 2021 жылғы 5-қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына талдау жасаңыз.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы отандастарымызды келешек бағыт-баытка айқындауға шақырған құжат болды.
Тәуелсіздіктің аспаннан салбырап түсе қалмағанын ұғындырса, қадірін білген сон қолда барымызды қоритын болады. Президенттің бұл мәселеге кино саласының мамандарын тартуды ұсынды,Өйткені қазіргі заманда
жастардың сана-сезіміне тезірек әсер ету жолы. Тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге азаттық жолында, шейіт болған біртуар тұлғалар қаншама? Аштық пен ашаршылық құрбандарын да бүгінгі жастар білуге тиіс."Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 өрімдей ұл-қыздарымыз ұлт намысы үшін алаңға шықты.
Егемен ел атану адамдардың бойында азат сана-сезімді бірден қалыптастыра алмайды. Оның жүгі зіл батпандай ауыр, қысқа-ұзақтығы уақытпен шектелмейді. Мұндай өтпелі дәуірді бастан кешіру жүректі, төзімді, орасан зор еңбекті, сабыр мен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан, еліміздің соңғы отыз жылының бедерінде қазақ халқының өлгені тіріліп, өшкені жанғаны аян, әлі де тиянақталмаған шаруа шаш-етектен, рет-ретімен жоғымыз табылып, барымыз бағаланып келеді. Алайда, құбылған әлем жарысында елдің аты бәйгеден көрінуі үшін оразды елдердің арасында беделге ие болатындай күш-қауқар, темірдей тәртіп, бейімді нарық пен өтімді парық болуға керек. Ал мемлекеттілікті ұдайы дамыту, нығайту, елдегі барлық саланы жан-жақты бәсекеге қабілетті ету қоғамдық сананы ұдайы жаңғырту арқылы ғана жүзеге асады.
90.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына сипаттама беріңіз. Жаңа Қазақстанды құру және саяси жүйені реформалау.
ҚРның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022ж. 16 наурызында «Жаңа ҚЗ: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа мәні мен маңызы ерекше, ауқымы кең Жолдауын жолдағаны баршамызға мәлім. Жолдауды «Қасіретті қаңтар» оқиғасынан бастап, қолданылып жатқан шараларға,демек тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығына, бірнеше жүз адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғандығына жекелей тоқталып, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айта отырып, сол оқиғаның себебі мен салдарын объективті түрде ашып айтты. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі-халықтың әл ауқатын көтеріп,жағдайын жақын арада жақсартуға бағытталған қажетті реформаларды жүзеге асырудағы нақты 10 қадамдарын ұсынуында. Жолдаудың маңызы – ол әр түрлі дағдарыстар мен қайшылықтарды алдын алып, жаңа міндеттер қойып, еліміздің ары қарайғы дамуына бағыт-бағдар береді. Атап айтсақ,Парламенттің рөлін күшейту,сайлау жүйесін жетілдіру арқылы қарапайым халықтың мемлекетті басқару ісіндегі маңызы мен орнын арттыру, құқық қорғау институттарын күшейтудің тиімділігін атап өтіп, еліміздің әкімшілік аумақтық құрылымын жетілдірудің қажеттілігіне тоқталады. Солардың бірі елімізде жаңадан облыстар құрып, оларға байырғы атауларды беруі жақсы қадам деуге болады. Жолдауда айтылғандай Семей аймағына ұлы ақын, философ, ағартушы, қазақ халқының тарихи тұлғаларының бірі А.Құнанбаевтың есімін беруі, Жезқазған обл. аумағында ортағасырларда Дешті Қыпшақ аталған ежелгі тарихи Ұлытау обл құрып, Жезқазған қаласының қайтадан облыс орталығы болатындығы, Алматы обл екіге бөліп, орталығы Қапшағайда, ал Жетісу обл орталығы Талдықорғанда орналасуы қазақ халқының, әсіресе сол облыстардың гүлденіп, жаңа деңгейге көтерулерінің үлкен бастамасы болмақ.Сондай-ақ Жолдауда Қапшағай қаласына жұртшылық жаппай қолдаса, халқымыздың біртуар перзенті, кезінде жауапты қызметтер атқарып, елдің тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсеткен – Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру керек деген ұсыныс жасады. Бұл да өте құптарлық шешім, өйткені Д. Қонаев еліміздің қай саласында болмасын сіңірген еңбегі орасан зор.Осындай А.Құнанбаев, Д. Қонаев сынды ұлы тұлғалардың есімінің берілуі «Қаңды қаңтардан» кейінгі кезеңдегі ұлттық сананың, әсіресе болашақ жастардың санасының оянуына әсер етіп, рухани жетілуі мен дамуына да өз үлесін тигізбек. Өйткені Абай атамыздың бір ғана қара сөзінде-ақ осы ұлттық құндылықтарға байланысты көзқарастары ашық көрсетілген, соны үлгі тұтып, оқып өскен ұрпақ ешқашан тілін, дінін, тарихы мен мәдениетін ұмытпайды деп үлкен сеніммен айта аламыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет