1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


жылғы тамыз бүлігін түсіндіріңіз. КСРО-ның ыдырауы



бет63/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
79.1991 жылғы тамыз бүлігін түсіндіріңіз. КСРО-ның ыдырауы.
Тамыз бүлігі – 1991ж. 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастарының сол кездегі Кеңес Президенті және Коммунистік партияның Бас хатшысы болған Михаил Горбачёвтан ел билігін күшпен тартып алудың сәтсіз әрекеті. Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде вице-президент Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ТЖМК) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды.
1991ж. 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.
1991ж. 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991ж. тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті.1991ж. 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991ж. қазан айында болған ҚЗ комсомолының XVIII съезі шешімімен ҚЗкомсомолы тарады,енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды.
1991ж.8 желтоксан-РСФСР,Украина.Белорусь басшылары Минскіде кездесті (Беложев келісімі)Талкылаған негізгі мәселе 1922ж. КСРО туралы шартты жою.ТМД құру туралы.Бас қосуда осы мәселелерге туралы қағаздарға қол қойылды.1991ж 13 желт-н. Орта Азия мем-ң басшылары Ашхабадта бас қосты,Минск шешімін қолдайтының шешті.1991ж.20 желто-н.-Қаз-н,Өз-н,Қыр-н,Тәжікстан,Түр-н,РСФСР,Украина,Белорусь.Армения;МОлдава алматыда бас қосты .оған Грузия бақылау ретінде ғана қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет