2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН



бет11/33
Дата14.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#113909
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
3.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдау ерекшеліктері.
Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:
баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
— әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
— отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина «Жас ерекшелігі психологиясында» былай деп келтірілген: «Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері «бестік» баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін». Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: «мотив-іс-әрекет», «мақсат-әрекет», «меңгерілетін іс-әрекет-операция».


  1. Көру арқылы қабылдауды анықтауға арналған әдістемелер.

Көру галлюцинациясы формасыз – жалын, түтін, тұман түрінде болуы мүмкін. Жекелеген образдар, заттың, денелердің бір бөлігі (бір көз, беттің, құлақтың жартысы) топ адамдар, аңдар тобы, насекомдар, фантастикалық заттардың тобы елестейді. Бұлар үрей, қорқыныш, қызығушылық, масаттану туғызуы мүмкін.


Қабылдаудағы иллюзия. (иллюзия латын сөзі, қазақша алдану деген мағынаны білдіреді).Заттарды қабылдау кейде қате болып шығады. Қателер (иллюзиялар) әр түрлі талдағыштар қызметінде де кездесіп отырады. Көру иллюзиясы көбірек белгілі: Мысалы: ақ көйлекті әйел, қоңырқай киімдіге қарағанда толықтау болып көрінеді. Көлденең жолақты мата мүсінді толықтай, тік жолақты биіктеу етіп көрсетеді. Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп көру – қабылдаудың дұрыстығының бірден – бір өлшемі. Иллюзиялар аффектілік, вербалдық, парейдолиялық болып бөлінеді. Аффектілік иллюзия – көбіне қорқыныш, мазасыз көңіл – күйде басталады. Бұл жағдайда бөлменің бұрышында ілінген киім немесе халат жасырынып тұрған кісі өлтіруші, асханадан естілген дыбыстар соны өлтіретін қаруға ұқсап кетеді. Вербалдық иллюзияда әңгіменің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты. Айналадағы адамдардың әңгімелерінен, сұрақтарынан ауруға қатысты болмасада, олар өзіне арналған айыптаулар, сөгіс, кінәлау деп қабылдайды. Парейдолиялық иллюзия. Оның мазмұны қиялға ұқсайды. Бұйымдардың жиектері, киімдегі ою - өрнектер, қабырғаның жарығында түсқағаздар бәрі әрекеттен тыс киім киген адамдар, ертегі кейіпкерлері, сұлу көріністер ретінде қабылданады. Иллюзияны адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет.
Галлюцинация – латын сөзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағынаны білдіреді. Галлюцинация – бұл нақты объект болмай – ақ пайда болатын қабылдау (елес, алдамшы дыбыс, дауыс, иіс). Галлюцинация кезінде аурулар шын мәнінде бірдеңелерді көрсетеді, иістерді сезеді, қиялдайды, елестетеді. Галлюцинация көру, есту, иіс, дәмдік, жалпы сезімдік болып бөлінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет