2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 17.04. – 22.04. 2023ж



бет20/25
Дата03.05.2023
өлшемі127,38 Kb.
#89595
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
13-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 17.04. – 22.04. 2023ж.

  1. Мінез ұғымы, анықтамасы.

Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.

  1. Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер.

Психология ғылымында «тұлға» категориясы – және сонымен бірге мінездің психологиялық диагностикасының ең маңызды практикалық міндеті - тұлғалық қасиеттерді зерттеу. Тұлға туралы білімді жүйелеу процесі екі тарихи кезеңнен өтеді: сөздік теориялар мен ұйымдастырылған бақылаулар кезеңі (клиникалық-психологиялық) және өлшеу мен эксперименттік растау кезеңі (эксперименттік).
Эксперименттік кезең – тұлғаны зерттеудің клиникалықпсихологиялық әдістемесінің сипаттамалық немесе сөздік сипатына жауап.
Адам туралы ақпарат алу мақсатында көп нұсқалы зерттеу жүргізу кезінде үш түрлі әдіснамалық тәсіл қолданылады: өзін-өзі бағалау әдістері және әртүрлі сауалнамалар, бақылау және объективті тесттер. Бұл әдістердің жағымсыз және жағымды жақтары бар, сондықтан оларды эксперименттік зерттеулер жүргізгенде бірін-бірі толықтырушы, кешенді түрде қолдану керек.



  1. Мінездің типологиясы, олардың сипаттамасы.

Типологиясы
Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады.
Доминанта
Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады.
Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:
Кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді.



  1. Мінез акцентуациясы, оны зерттеуге арналған әдістемелер.

Мінездің акцентуациясы - мінездің шектен тыс күшеюі. Олар норманың шекті нұсқаларын көрсетеді. Оларға ортаның және тәрбиенің әсеріне байланысты әлеуметтік оң және әлеуметтік теріс тенденциялары тән. Термин авторы - неміс психологі және психиатрі К.Леонгард.
Әдістемелері:

  1. Шмишек тесті;

  2. Әлеуметтік - ситуациялы мазасыздану шкаласы;

  3. Ситуативті мазасыздану шкаласы;

  4. Жекелік мазасыздану шкаласы;

  5. Бағалау тесті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет