2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 03.04. – 08.04. 2023ж



бет18/25
Дата03.05.2023
өлшемі127,38 Kb.
#89595
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
11-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 03.04. – 08.04. 2023ж.

  1. Сөйлеуді зерттеуге арналған әдістемелер.

  2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың белсенді сөздік қорын зерттеу әдістемесі.

Тіл дамыту мына сиякты бағыттарды қамтуы керек
1. Окушылардың сөздік қорын дамыту.
a) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай- ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету ;
ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс;
в) антонимдермен жұмыс;
г) көп мағыналы сөздермен жұмыс;
д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;
e) мақал- мәтел, жаңылтпаштарды үйрету;
ж) окушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері камтылады.
2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.
3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Мұнда балалар оқығандары мен көргендерінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді, сондай- ақ ұсынылған тақырыптар бойынша материалдар жинап, жүйелеп, өз жандарынан ауызша, жазбаша әңгіме құрастыруга үйренеді.



  1. Ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері.

Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне қүрылады. 
Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде пайда бола бастайды.

Ауызша сөйлеу ерекшеліктері:

Жазбаша сөйлеу ерекшеліктері:

1) Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең
жайып жатуды тілейді;

1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір
ым-ишара қолданылмайды.

2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек өңгімелесуші
адамдардың өздеріне түсінікті болады.

2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады.
Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай
талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше,
бұдан нәтиже шығару қиын.



3)Диалогтық логикалық жағы кемдеу болады;



3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.



4)Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен
толықтырылады;



4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады,
мағыналы сөз іздейді



5) Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес қүрылады, бүл алдын ала даярлықты
тілейді


6) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады




7) Монолог сөз мәнерлі, әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек
қажет етеді.






  1. Жасөспірім жастағы балалардың сөйлеу ерекшеліктері.

Жасөспірім кезеңде баланың сөйлеу тілінің дамуының ерекшелігі- сөйлеу тілін саналық түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне - жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.
Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады- тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы. Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек:
-баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы ;
-ойлау қабілеті қалыпты ;
- қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет