2-3 I. ОҚушының бос уақытын ұйымдастыру


Лагерьдегі күн тәртібін ұйымдастыру жұмыстары



бет25/27
Дата16.05.2022
өлшемі89,96 Kb.
#34569
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лагерьдегі күн тәртібін ұйымдастыру жұмыстары

Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл- ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз- демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды пайдалану.
Күн тәртібіне қойылатын талаптар:

-баланың жас ерекшелігін ескеру

-тәртіп сәтінің тұрақтылығы.
Күн тәртібінің бұзылуы бала денсаулығына, мінез- құлқына әсер етеді. Дұрыс жасалған күн тәртібінің гигиеналық, педагогикалық маңызы үлкен. Ол күн сайын қайталанып отырып, бала организмін белгілі бір ырғаққа үйретеді. Іс- әрекет қайталанып отырған соң шаршаудан сақтандырады.
Күн тәртібін құру кезінде ескерілу керек:


  1. Топтың топтастырылуы - 6-9 жас 25-бала, 10-14 жас – 30 бала.

  2. Лагерь төңірегінде еңбек ету уақыты:

6-9 жастағы балалар -1 сағат

10-11 жастағы балалар – 1,5 сағат

12-13 жастағы балалар – 2 сағат

Күн тәртібі



700

Таңертеңгі ұйқыдан тұру

705-715

Таңертеңгілік жаттығу

715-730

жуыну

730-800

тамақтану

800-900

Лагерь төңірегіндегі еңбек

900-1030

Көңілді ойындар

1030-1100

Қосымша тамақ

1100-1200

Бос уақыт

1200-1300

Серуен

1300-1330

Түскі ас

1400-1430

Суға шомылу

1430-1700

Түстен кейінгі демалыс

1700-1730

Қосымша тамақ

1730-1900

Топтағы шаралар

1900-1920

Үйірмелер

2000-2030

Кешкі ас

2030-2130

Бос уақыт

2200

Түнгі ұйқы


ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы мен ұйымдастыру жолдарының және оның басты нәтижелерін қорытындылайық. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі- келешек ұрпақтық рухани дамуы. Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшелей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізде ұзақ мензеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып, қазақ жастарын заман талабына сай эстетикалық талғамы жоғары, парасатты, отансүйгіш, елжанды, жан- жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру, осы бағытта тәрбиелеу- бүгінгі күнгі мәдениет мекемелерінің алдындағы өзекті мәселесі.

Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін, белсенділігін, арттыратын мазмұнды шаралар тұлғаның қалыптасуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, азаматтыққа, қоғамдық белсенділікке баулитын және еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасылармен, түрлі мамандық иегерлерімен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен, т.б кездесу, жүздесулер, дене тәрбиесі мен салауаттылық өмір салтын қалыптастыратын іс- шаралар, олардың адамдармен қарым- қатынас әрекетіне, қоғамға, еңбекке, ғылым - білімге, спортқа деген қарым- қатынасын дамытып, жастарды Отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелейді. Жастардың еліміздің ертеңі, болашағы екені түсінікті, санаға сызат түсірмей, тәлімді ұрпақ өсіру әркімнің де басты мақсат-парызы, әсіресе мұғалімдік қызмет саласында қызмет етушілердің басты міндетіне айналуы тиіс. Осы жолда яғни бала өміріндегі сайыстың маңызы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Сайыс дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдарының ширек тасқыны келіп құйылады. Сайыс дегеніміз- бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет