Лагерьдің негізгі мақсаты:
Балалардың көңілін көтеріп, демалысын ұйымдастыру.
Балалардың денсаулығын шынықтыру, шындау.
Әртүрлі шаралар, бағдарламаларды, баланың қызығушылығына, қажеттілігіне қарай ұйымдастыру.
Баланың өз қабілетін, жеке белсенділігін ашуға мүмкіндік беру
Салауатты өмір сүруге баулу.
Лагерьде өткізілетін ойын түрлері
Қимыл- қозғалысты қайталайық.
Тәлімгер күні- бұрын балаларға өзінің жасайтын қимыл- қозғалысының шартты белгілерін айтып қояды. Мен қолымды бір көтергенде сендер қолдарыңды 1 рет соғасыңдар. Қолымды партаға қойғанда, аяқтарыңды еденге соғасыңдар, ал қолымды түсірсем, қолдарыңды 3 рет шапалақтайсыңдар.
Дауысты тап
Тәлімгер бір баланы шығарып, отырған балалар орнынан 2- 3 сөз айту керек. Мыс: «Бүгін күн ыссы» т.б Тақтада теріс қарап тұрған бала кімнің дауысы екенін анықтайды.
Кім зейінді
Жарты шар тәрізді етіп тұрғызып қойып, түрлі қимылдар жасайды. Бір оқушы теріс қарап тұрып, қайта қарағанда оқушылардың өзгешелігін табу керек.
Және де тағы да басқа ойын түрлері бар, мысалы: «Атыңды ата», «Математика», «бБұл мен», «Дауысты тап», «Жіппен ойна».
Достарыңызбен бөлісу: |