2. 9-ресурс. Креативті ойлауды жақсарту үшін тәсілдері Ақыл-ой шабуылы әдісі



бет1/2
Дата24.06.2022
өлшемі21,63 Kb.
#37259
  1   2
Байланысты:
2.9-ресурс. Тактикаларының мысалдары


2.9-ресурс. Креативті ойлауды жақсарту үшін тәсілдері


Ақыл-ой шабуылы әдісі
Бұл ең көп таралған және қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бірнеше адам белгілі бір проблемаға қатысты өз идеялары мен ойларын ұсынады. Есте сақтау керек басты мәселе сол сәтте ойына келген кез келген идеяны, ерекше ойды ұсынуға болады, мұғалім, жетекші, модератор да осындай ой еркіндігіне ықпал етуі тиіс.
Уолт Диснейдің шығармашылық стратегиясының сипаттамасын арнайы психологиялық әдебиеттерден табуға болады. Оның мәні бұл да «ақыл-ой шабуылы» сияқты жаңа идеяларды қалыптастыру процесіндегі ішкі кедергілерді жоюға бағытталады. Уолт Дисней ойша бөлменің бұрыштарына үш кейіпкерді орналастырады – Ойшыл, Сыншы және Реалист. Содан кейін кезекпен олардың әрқайсысының кейпіне енеді. Ойшылдың орнына тұрып, ол қиялға беріліп, жаңа идеяларды ұсынады. Сыншылдың орнына тұрып, ол Ойшылдың қиялдан тұрғызған сарайларын бұзып, кемшіліктері мен әлсіздіктерді іздейді. Реалистің орнына ауысып, Дисней мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарын салмақтап, ең оңтайлы шешімді қарастырады. Мұндай стратегияның тиімділігі У. Диснейдің кедей аниматордан көп миллиардтық империяның негізін салушыға айналған әлемдегі ең табысты кәсіпкер ретіндегі мансап жолы арқылы дәлелденген.
Синектика әдісі
Бұл әдісті 1952 жылы В. Гордон (АҚШ) ұсынған, ол біздің миымыздың ассоциативті байланыстар құру қабілетін қолданады баламалар (аналогия) негізінде ең күрделі қылмыстарды ашқан Агата Кристидің Мисс Марпл кейіпкерін еске алыңыз). Баламаның бірнеше түрлері белгілі, беліглі бір идеяны, мысалы, супер тұз салғыш идеясын іске асыруда олардың әрқайсысын тиімді қолдануға болады.
Баламалы байланыс орнату миымыздың қасиетіне негізделген, оның 4 түрі қолданылады: тікелей, символдық, фантастикалық, жеке.
Тікелей балама – білімнің басқа салаларындағы осы мәселелерге қатысты дайын шешімдерді қолданып, оларды кейін бейімдеу. Мысалы, медицинада тұз салғышиың баламасы, яғни аналогы қандай болуы мүмкін? Жауап: ағзаға шприцтен немесе дәрі тамызғыш арқылы енгізілетін физиологиялық ерітінді (бұл да сол ас тұзы, бірақ суда ерітілген). Бұл табысты идеяны одан әрі дамытуға болады.
Жеке балама – ойлап табылған объектінің рөліне ену, өз түйсігіне және проблеманы шешу жолдары туралы ойлау ұсынылады. Біз өзімізді басымызға темір қақпағы бар тұз салғыш ретінде елестетіп, ішкі сезімдерімізді тыңдаймыз. Иә, олар сізді ыстық сорпаның үстіне төңкерген кезде бұл онша жағымды емес. Табиғи жағдайда болу әлдеқайда ыңғайлы. Жақсы шешім табылды! Жаңа тұз салғышта диспенсер және оның төменгі жағында тесік болуы керек – жоғарыдағы түймені басасыз, қақпақ төменнен ашылады және табаққа тұздың тиісті бөлігі құйылады. Өте ыңғайлы және күйіп қалу қаупі жоқ.
Фантастикалық (ертегідей) балама тапсырмаға фантастикалық құралдар мен кейіпкерлерді енгізуді қарастырады. Мысалы, мынадай ертегі түрінде. Бұл ерте заманда адамдарда тұз салғыштар болмаған кезде болған оқиға. Олар тұзға мұқтаж болған кезде, үлкен тұз жартасқа барып, үлкен балтамен тас тұзын ұнтақтап, содан кейін үйге әкеліп балғамен кішкене бөліктерге бөлетін болған. Бір кедей отбасында тұз таусылыпты, бірақ жартасқа баратын ешкім болмады, өйткені әкесі жұмысқа кетіп, аналары ауырып қалыпты. Сонда кішкентай екі бала жартасқа барыпты, бірақ олардың ең кішкентай бөлікті сындыруға да әлі келмепті. Олар алдымен уайымдап біраз отырыпты, содан кейін ойланып, жартасқа көңілді ән айтып беріпті. Жартастың күлкіге батқаны сонша, оның көздерінен жас ағып, әрбір жас тамшысы тұзды моншаққа айналыпты. Ақылды балалар тұз моншақтарын жинап алып, үйлеріне алып келіпті. Осылайша тағы бір ақылды идея дүниеге келіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет