«Дағдарыстың бəрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұлт болашағы
сияқты ұлы құндылықтар ғана мəңгі. Мен айтып өткеннің барлығын жеңуге болатын, біз
жеңе алатын бөгеттер» (Н.Ə.Назарбаев, «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам») екенін жастарға
жеткізу, санаға сіңіру жəне Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың жаһандық ұсыныстары мен
тұжырымдамалары, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны
жүзеге асыруға бағытталған семинар-тренингке қатысушылар университетіміздің өзге
де белсенді студенттерімен кездесу өткізіп, 5 реформа бойынша түсіндіру дəрістерін
жүргізген болатын.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті – сапалы білім
мен саналы тəрбиенің мекені. Республиканы
мойындатқан оқу ордамыз сенімді түрде кез-
келгенді оқуға шақыра алады.
19 ақпан күні қазіргі мектеп бітіруші
түлектерді, яғни, болашақ студенттерді оқуға
тарту мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.
Білім ордамыздың барлық факультетін қамтыған
көлемді шара алдымен АКТ залда алғы сөзін
алып, кейін əр факультетке тапсырылды.
Киелі қара шаңырақтың төртінші қабатында
орналасқан
филология
əлеміне
қадам
басқан талапкерлерді факультеттің белсенді
студенттері қарсы алды. 416-дəрісханада
жасалған үгіт-насихат жұмысында əдебиет
пəнін таңдаймын дейтін оқушылар, олардың
жетекшілері факультет тарихын сипаттайтын
слайдты тамашалап, сөз алған тұлғаларды
зер сала тыңдады. Ф.ғ.к., қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі Раманова Айгүл
Абиболлақызы жəне ф.ғ.к., тіл білімінің маманы
Аронов Құспан Ғұмарұлы, оқытушы-магистр
Демесінова Самал Нұрболатқызы білім ошағы
жайында дерек беріп, талапкерлерді оқуға
шақырды. «ФҚТ» мамандығының, 02205-топ
студенті А.Шығыров терме орындап, «ФҚТ»
мамандығының 02305-топ студенті З.Рахметова
мен «ҚТОМҚТƏ» мамандығының 02203-топ
студенті А.Қоңырбаева шара қонақтарына əн
арнады. Студенттік декан Р. Нұржанова сөз
бастап, факультеттің мақтаныштары саналатын
бірқатар студенттер жастық кезеңдерінің
қызықтарымен
бөлісіп,
оқу
орнымыздың
арқасында жеткен олжаларын айтып берді.
Келешек тіл мамандары ретінде оқушылар
арасынан өзіндік ойларын жеткізгендер де
болды.
Идеятова Аян, 40-мектептің 11-сынып
оқушысы:
Бүгінгі күн мен үшін ерекше болды.
Əдебиет пəнін таңдау ойымда болғанымен,
аса қызығушылығым жоқ еді. Ал бүгінгі өсіп-
өркендеген, өнерлі де өрелі студенттерді көріп,
талпынысым күшейе түскендей. Таныстырулары
арқылы мені өздеріне сүйсіндіре алды.
Қожыбекова
Раушан, 40-мектептің
11-сынып оқушысы:
Əдебиет пəнін сүйіп оқимын жəне сол
салада қызмет еткім келеді. Білімімді жетілдіріп,
нағыз маман болып қалыптасу үшін қайнар
білім беретін оқу орнын таңдаған дұрыс. Ондай
университеттердің
қатарына
М.Өтемісов
атындағы
БҚМУ
кіреді.
Шығармашылық
жағынан да, ғылым жолы тұрғысынан да қанат
жаюға мүмкіндік бере алатындығын бітіруші
түлектерден естіп жатамыз. Сол себептен,
сіздерге келуім əбден мүмкін.
Қабылбекова
Айдана, 40-мектептің
11-сынып оқушысы:
Бұл жерге оқуға түсу – арманым. Алда келе
жатқан үлкен сынақты абыроймен өткеріп, осы
университеттің студентіне айналғым келеді.
Жоғары балл жинап, қалаған оқу орныма түсу
үшін талмай ізденіп оқудамын. Осы жылы тағы
да жүздесеміз деген үміттемін.
«Ашыќ есік» кїні филология
факультетінде
2016 жылдың 19 ақпан күні БҚМУ бас ғимаратының акт залында биылғы мектеп жəне колледж түлектеріне арналған АШЫҚ ЕСІК КҮНІ болып
өтті. Келген түлектер университеттің барлық мамандығының оқу бағдарламаларымен танысып, бакалавриат бағыттары бойынша толық ақпарат
алып, 2016 жылғы, яғни биылғы, БҚМУ-ға қабылдау шарттарымен танысты. Ректорат жəне факультет өкілдеріне сұрақтар қойып, қабылдау
комиссиясының қызметкерлерінен кеңестер алды. Университетпен танысып, университет студенттері дайындаған мерекелік концертті тамашалады.
Ақпан айының 19-ы күні М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекетттік университетіміздің
шет тілі жəне екі шет тілі кафедрасында мектеп
бітіруші түлектерге арналған ашық есік өтті.
Аталмыш шара мектеп бітіруші оқушыларымыздың
жоғары оқу орнымен танысуына, болашақ
мамандығын дұрыс таңдауына көп көмегін тигізеді
деген ойдамыз. Шараның ашылу салтанатына шет
тілі жəне екі шет тілі кафедрасының аға-оқытушысы,
магистр
Насимуллина
Айгул
Бисембаевна
талапкерлерге факультетіміздің оқу үрдісі мен
білім сапасымен, жалпы тыныс-тіршілігімен жіті
таныстырып өтті. Əсіресе, бұл мамандық бойынша
студенттер қашықтықта оқытуына мүмкіндіктері
мол екендігі жөнінде жəне де академиялық
ұтқырлықпен барып келген студенттердің алған
тəжірибелерімен таныстырды. Солардың ішінде
Майнц қаласына барып келген Капезова Дина,
Болашак бағдарламасымен Лондон қаласында
болған Құрманғалиева Фариза Тілепқалиқызы,
Есбергенова Гүлнəр Исамадинқызы сөз сөйлеп
жəне де басқа қалаларда болған, көптеген
студенттердің алған əсерлерін бейнебаян арқылы
жеткізді. Бұл шараға кафедрамыздың дамуына ерен
үлесін қосқан, көп жылдар бойы еңбек сіңріп келе
жатқан аға-оқытушы Тамара Ивановна түлектерге
өз ақыл-кеңестерін айтып сəтті сапар тілеп,
білімге деген қызығушылығын арттырды. «Ашық
есік» күні факультетіміздің өнерпаз студенттерінің
дайындауындағы концертпен аяқталды.
День открытых дверей, по завершении
торжественной части в актовом зале университете,
был продолжен на факультетах. Учащиеся 11-х
классов бурно обсуждали специальности,
информацию
о
будущих
профессиях.
Выпускницы Раушан Сансызбай (СОШ №36) и
Данагуль Гиззат (СОШ №27) думают выбрать
факультет истории, экономики и права.
Раушан, по совету мамы, думает связать свое
будущее с профессией финансиста, еще ее
привлекает возможность по академической
мобильности поучиться заграницей.
-Я хочу стать историком. Меня привлекает
научная сфера, - поделилась своими
планами Данагуль. – День открытых дверей
в университете прошел очень интересно, весело,
получила много информации об учебе в ЗКГУ.
Большое всем спасибо!
On February 19, The day of Open doors was held
for high school graduates at the West Kazakhstan State
University in the department of foreign language: two
foreign languages. This event is very important for
high school graduate students because they can get
acquainted with the university, the event will help to
choose their future profession.
At the very beginning A.B.Nasimullina explained
the system of university, gave the information about the
quality of training and education, about the life of the uni-
versity. Also students, who have been abroad according
to the program of academic mobility, told about the op-
portunities that the university gave.
Dina Kapezova (JGU) Kurmangaliyeva Fariza
and Esbergenova Gulnar (London, UK) spoke on the
academic mobility and about their experience there.
The event was attended by the senior lecturer Tamara
Ivanovna Nurusheva told about interesting life of stu-
dents. The day of "Open Doors" was closed with a small
concert.
Ќош келдіѕ, талапкер 2016!
5
№2 (917) 29 ақпан 2016 жыл
До этого трагического случая соседи и
люди, проживающие в этом районе, всячески
помогали этой семье, а после трагедии
сбором денег и других, необходимых для
жизни вещей, занялась одна из соседок. Об
этой благородной женщине можно написать
отдельную статью, но речь сейчас о другом.
Группа 03201, куратором
которой
является
Салтанат
Булатовна
Бекмухамбетова, не осталась безучастной
к судьбе этих людей, они собрали немного
денег, купили продукты и пошли навестить
Николая.
Николай, так зовут хозяина сгоревшего
жилья, добродушный, безобидный человек
среднего возраста, живет на пенсию по
инвалидности, в данный момент снимает
комнату в общежитии и восстанавливает
сгоревшие документы.
Невозможно
описать
состояние
человека, который пять минут назад был
бы рад куску хлеба, а сейчас ест мандарин.
Разве мог он представить себе, что так
нежданно придут к нему в гости несколько
девчушек и принесут столько вкусностей.
Он не знал, за что браться: то пил айран,
то ел мандарин, закусывая колбасой. Я
останавливала его, а на глазах у моих
девчат были слезы.
Позже я повела своих студентов к соседке
Николая, которая занялась волонтерской
деятельностью. Студенты познакомились,
пообщались с ней, увидели гору вещей,
рассортированных и подписанных: - Это для
Николая, эта сумка поедет в Каменку, это
для тех-то, тех-то, спокойно рассказывала
она. Студенты были в восторге от нее.
- Как много вокруг добрых людей, как
легко творить добро, для этого достаточно
иметь большое сердце! – не удержалась от
эмоций одна из моих студенток!
С.Г.Турегалиева
заместитель декана ФФ
Мы не в силах изменить весь мир, но сделать его
чуточку добрее - да!
В январе на страницах СМИ прошла информация о трагической гибели женщины,
которая сгорела в доме по улице Линдовской. Сгорела землянка, которую и домом-то
назвать невозможно, но она служила пристанищем для двух людей, в итоге жена трагически
погибла, муж остался на улице.
Бірде
«Мені
жарты
сағаттан
кейін
оятыңызшы» деп,көз ілмек болған Энштейнді
қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір
сағаттан кейін оятыптын. Тұра сала жалма-жан
сағатына қараған ғалым жарты сағаттан кейін
оятпаған қызметшісіне қатты ренжіп, «жарты
сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» деген
екен. «Ұрланған заттың орнын басқа нəрсемен
толтыруға болады,ал ұрланған уақыттың орнын
ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің
ұлы ақыны Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай
халқында «Сағат сатып алсаң да,уақыт сатып ала
алмайсың»деген нақыл сөз бар. Рас,біле білгенге
уақыт-мүмкіндік. Ал сол бос уақытын кім қалай
пайдаланып жүр?!
Жалпы,дəстүрлі тынығу мен бос уақытты
ажыратып алатын болсақ,дəстүрлі тынығу
кезекті,бұрыннан келе жатқан демалыс яғни
əр аптаның жексенбі күндері жəне т.б. Ал бос
уақыт осы дəстүрлі тынығудың ішіне кіреді.
Яғни мұнда адамдар бос уақытын өз қалауына
байланысы пайдаланады. Қазіргі кезде белең
алып
отырған
өзекті
мəселе,жастардың
бос уақытын шектен тыс əлеуметтік желіге
арнауы. Бұл неге əукеліп соғады?! Біріншіден
,тəуелділікке,ал
екіншіден,денсаулыққа
кері
əсерін тигізсе,үшіншіден əлбетте сауатсыздыққа.
Елбасымыз: «Түбінде кітап оқитындар,интернетте
отырғандарды басқарады» демекші,кітап-рухани
азық. Бос уақытын кітап оқуға арнайтын адамға
болашақтың алтын есігі айқара ашық.
Сондай-ақ,өнер,спорт саласындағы үйірмелер,тіл
үйрену курстары да бос уақытты тиімді өткізудің
ең озық үлгісі.
Уақыты бос өткен адам - өмірі бос өткен адам.
Егер текке өмір кешкіңіз келмесе əр минут, əр
секундтың қадірін біліп, уақыттарыңызды тиімді
пайдаланыңыздар!
Айгерім Қуанышева,
МТЖ 2-курс студенті
Бос уаќыт жəне дəстїрлі тыныєу
На
факультете
работают
отменные
специалисты, знатоки своего дела – профессора
кафедры физики и математики А.Е.Кузьмичева,
доцентыЖ.С.Сырым,
А.Е.Жумагалиева,
В.С.Мулдагалиева,
кандидат
педагогических
наук
Г.К.Жусупкалиева,
доцент
кафедры
информатики Г.М.Миниус, а также другие
преподаватели. Студенческий декан физико-
математического
факультета,
Нурбол
Кырыкбаев,
инициативен,
принимает
участие в проведении и организации
многих
разнообразных
мероприятий.
Нурбол является отличным примером для
подражания, успевает везде и во всем - и
в учебе, и в общественных делах.
Студенты
физико-математического
факультета
всегда
стремятся
к
совершенствованию
своих
знаний,
к
расширению своего кругозора, активно
участвуют
в
общественной
жизни
университета. Именно на этом факультете
впервые были созданы полиязычные
группы, чем можно похвастаться.
Один из ярких и креативных студентов,
обладающий
высоким
интеллектом,
студент второго курса специальности
математика – Нурсултан Турсынгалиев
– выпускник и гордость Богатыревской
школы, обладатель знака «Алтын белгі».
Недаром говорят – талант нужно
продвигать, бездарность пробьется сама.
Скромный, но очень способный студент
первого курса, обладающий, по мнению
преподавателей, хорошим потенциалом
и высокой работоспособностью, - это
Аймырза Жамилов. Он с отличием окончил
один из лидирующих школ страны –
Казахско-турецкий лицей. Всё свободное
время у него не проходят просто так, он
посвящает своему второму дому - КТЛ. В
КТЛ учатся одаренные ученики, имеющие
большое будущее. Их высокие знания,
интеллект и культура отличают от многих.
Именно такие студенты поднимут нашу
страну на один уровень с развитыми
странами.
Айнур Батыргалиева, обладательница
знака
«Алтын
белгі»,
выбрала
специальность математика. А общее число
обладателей знаков «Алтын белгі» за 2015
год, выбравших наш вуз, – всего пятеро, и
Айнур является одной из них.
Физико-математический
факультет
славится своими талантливыми студентами
и педагогами-новаторами. Созданная на
факультете атмосфера совместного труда
является хорошим фундаментом для
раскрытия талантов студентов.
Айша Кемешова,
фил/п-12
Знакомьтесь!
Физико-математический факультет: Скромные и умные
С 2012-2013 учебного года, один из ведущих факультетов, физико-математический, начал
действовать как отдельный факультет.
Деканом факультета является кандидат педагогических наук, доцент Медешова Айгуль
Бактыгалиевна.
Бугін менің туған күнім ой, пəле-ай,
Мына халық неге жатыр тойламай,
Банкет жасап бере едім өзім-ақ,
Тəңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны - ай.
Тойланбаса тойланбасын нетейін,
Той көрмей-ақ,сый көрмей-ақ өтейін,
Қаламымды берші маған бəйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін,-деп
болашаққа қаламымен арыз жазып қалдырған
мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев ақпанның
9-ыншы жұлдызында тірі болса 85 жасқа толар
еді.Атаулы күнге байланысты Қадір МырзаƏли
атындағы
орталықта
«Жүрегім
менің-
жанартау...» атты ақиық ақынның мерейжасына
арналған кеші аталып өтілді.Аталмыш шара
барысында қара өлеңнің қарагері Мұқағали
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына
арналған
бейнебаян
көпшілік
назарына
ұсынылды. Концерттік бағдарламада «Бүгін
менің туған күнім ой, бəлі – ай», « Сенің көзің...»,
«Ана сен бақыттысың», «Сəби болғым келеді»,
«Күрең күз», «Мен деп ойла...», «Иіскейін»,
« Есіңе мені алғайсың...» атты ақынның
сазды өлеңдері көпшілік жүрегіне жол тартты.
Қазақ поэзиясының мұзбалағына арналған
шығармашылық кеште ақын поэзиясынан
отан, туған жер туралы туындыларын орталық
жанынан құрылған «Қаламгер» шығармашыл
жастар клубының мүшелері сонымен қатар
оқырман жүрегінен орын тепкен «Аққулар
ұйықтағанда»
поэмасын
Республикалық
Мұқағали оқуларының жеңімпазы Айгерім
Қуанышева көрмендер назарына ұсынып, үлкен
қошыметтке ие болды.Мұқағали Мақатаевтың
шығармашылығымен сусындап, үлгі тұтып,
жалындап өсіп келе жатқан жастарымыз
республикалық байқаулардың жеңімпаздары
Меңдібек Лұқбанов пен Марлен Ғилымханов,
облыстық Мұқағали оқуларының жеңімпазы
Дəурен Шамуратов ақынға деген жүрек жарды
өлендерін арнады.
Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,
- .деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевтың 85 жылдығына
арналған
«Жүрегім менің-жанартау...» атты əдеби-сазды
кеші көрермендер жүрегіне жол тартып,үлкен
ықыласқа ие болды.
Фариза Қанафина,
мəдениет жəне өнер факультетінің
1-курс студенті
Социум
Ќара ґлеѕніѕ ќарагері
6
№2 (917) 29 ақпан 2016 жыл
Жаратылыстану-география факультетінде
Ақпанның 16 жұлдызында факультетіміздің
белсенді студенттеріне арналған семинар-
тренинг
өткізілді.Бұл
тренингтің
өткізілу
мақсаты Елордамыз Астана қаласындағы
Президент кітапханасында болып қайтқан ,
университетіміздің бетке ұстар студенттерінің
алған əсерлерімен бөлсіуі еді.
Барып
қайткан
топтың
ішінде
факультетіміздің бетке ұстар азаматтары
Сапарбаев Жұмабек пен студенттік декан Утеген
Елдос. Қонақ ретінде өз əсерлерімен бөлісуге
келген мəдениет жəне өнер факультетінің
студенттік деканы Рахимов Оралхан жəне
студенттік деканның орынбасары Темиров
Ерген .Олар бізге тек қана білім мен тəртіпті
болып қалу өте аздық ететінін айқындап өтті.
Студенттік кездегі алған ұшқыр білім - деген
сөздің мағынасын бетін сүзіп қана өтпей
,əрі қарай терең сүңгу ол біздің өмірге деген
құштарлығымызды оятып қана қоймай ,ғылымға,
қоғамға деген көз-қарасымызды басқа қырынан
аша білетінін қайталанбас аса құдіретті сезімге
əкелетін тылсым күш деген ой-түсінктерімен
бөлісті. Əрине көргендей болмас, бірақ
ағаларымыз шын ықыластарымен бізге деген
ниеттерін, ақылдарын сонымен қатар кітапханда
еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жүздескен
студенттер мына отырған біздер секілді екенін
олар бағындырған белесті біздер де бағындыра
алатынымызға нық сендіріп,рухымзға рух қосып
жігерлендіріп жіберді.
Їздік отыздыќќа апарар «100 наќты ќадам»
Ақпан
айының 4-інші
жұлдызында
факультетімізде
Ресей
Федерациясының
қалаларында
Академиялық
ұтқырлық
бағдарламасымен білім алып келген студенттермен
кездесу өтті. Бұл кездесуге факультетіміз бойынша
студенттер алмасу ісімен айналысатын Бағжан
Едігеқызының өзі болып, бізге түсіндірме əдістерін
көрсетті. Одан қала берді №1 корпустан Болон
жүйесінің басшысы Владислав Сергеевич өзі келіп
студенттерге қандай қалаларда жəне қандай оқу
орны бар екені жайлы толық мəлімет беріп өтті.
Студенттер арасынан Академиялық ұтқырлық
бағдарламасының тиімді жағын ашып көрсетіп, оған
толық тоқталып өткен биология мамандығының
2-курс студенті Төлесінова Нұргүл болды.
Бұл жиынға 1 жəне 2 - курс студенттері
жиналып өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,
өз жауаптарын алды. Академиялық ұтқырлық
бағдарламасымен оқып келген студенттер бірнеше
ай ішінде өздеріне жинаған мол тəжірибелерімен
бөлісе отырып, қызықты əрі тиімді өткен уақыттарын
айтып, бізді де осы бағдарлама арқылы білім
көкжиектерімі кеңейтуге шақырды. Бұл 50 минут
ішінде алған əсерлерімізді барынша ашып айтпасақ
та, көкейге түйгеніміз мол екенін нақты айта аламыз.
Себебі, біздің факультетімізде бұл бағдарлама
өте белсенді түрде қызмет етуде. Бұл шараны
ұйымдастырған – Бағжан Едігеқызы, Гүлнар
Науханқызына білдіретін алғысымыз шексіз.
«Асуларды алады жастар əлі, зор
болашаќ бїгіннен басталады»
Ақпан айының 12-нші жұлдызында М.Өтемісов
атындағы БҚМУ-дың жаратылыстану-география
факультеті химия кафедрасының жанында жұмыс
жасайтын «Менделлеев мұрасы» үйірмесінің
ұйымдастыруымен жоспарға сай «Қызыққа
толы – химия» атты химиялық кеш өтті. Кешке
химия кафедрасының оқытушылары мен химия
мамандығының 1-4 - курс студенттері қатысты. Ең
алғаш сөз кезегі «Менделлеев мұрасы» үйірмесінің
жетекшісі- химия кафедрасының оқытушысы,
магистр
Мукашева
Маншук
Муратовнаға
берілді. Өткізілген шара аясында 1-2 курс
химик-студенттер өздерінің өнерлерін көрсетсе,
01201 - топ студенттері химия ғылымының
қалыптасуындағы «Алхимия» дəуірінен көрініс
қойды. Сондай-ақ «Органикалық заттардың
химиялық технологиясы» мамандығының 1 курс
студенттері – Шопан Жасулан мен Мақсот Қалима
жəне 2 - курс студенті – Қоныспай Райхан химиялық
бағдаршам, піл тіс
пастасы, жанбайтын
орамал
жəне
химиялық
сағат
сияқты тəжірибелер
к ө р с е т і п ,
с т у д е н т т е р д і
қызықтыра
білді.
Əртүрлі
химиялық
ойындар
ойнатып,
химиядан
ғылыми
негізі бар сұрақтар
көрермендерге паш
етілді. «Geofak num-
ber one» жайдарман
тобы
көңілді
химиялық
əзілдерін
ұсынып, кештің соңы студеттердің орындауындағы
«Химиктер» əнұранымен жабылды.
Шара аясында ХТОВ-11, 01201, 01202, 01213
топ студенттері белсенділік танытып, «Қызыққа
толы – химия» атты химиялық кеш өз деңгейінде
өтті.
М.Өтемісов
атындағы
БҚМУ-дың
жаратылыстану-география факультеті химия
кафедрасының жанында «Менделлеев мұрасы»
үйірмесі жылдар бойы жұмысын атқаруда.
Үйірменің негізгі мақсаты – студенттердің
білімге, ғылымға деген қызығушылықтарын
арттырып, əртүрлі деңгейдегі ғылыми жобалар,
республикалық
олимпиадаларға
қатыстыру
болып табылады.
Жамила Нурланова,
Химия мамандығының 2- курс студенті
«Ќызыќќа толы – химия»
Достарыңызбен бөлісу: |