13
№2 (917) 29 ақпан 2016 жыл
Адамзаттың, тұлғаның негізгі қасиеті-
жақсылық жасай білу ғой. Күллі жаратылыстан
адамды ерекшелеп тұратын жалғыз қасиеті-
бір-біріне бауырмалдықпен жақсылық жасау.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіріп азаматтық
борышыңды мақтанышпен орындағанға не
жетсін?! Сақалын сатқан кəріден, еңбегін сатқан
бала артық деп жатамыз. Бірақ бұның да кемшілік
тұстары еріксіз қынжылтады. Азды-көпті
қол ұшын беріп, егде адамдардан батасын
емес, ақысын сұраушылардың саны
белең алып барады. Алайда бізге керегі
бота емес, бата болса керекті. Себебі,
«ботаның құны бір-ақ жұт, ал бата балаға
мəңгі құт» емес пе еді.
Ақпан айының он сегізінде деканаттың
ұсынысымен,
кураторымыз
Зухра
Максимқызының
құрған
сценарийі
бойынша «Жақсылық жасау» науқанын
топ болып бір кісідей атсалысып жүзеге
асырғанбыз. Мұндағы мақсатымыз -
адамдардың бойына рухани- адамгершілік
қасиеттерді
ұялату
үшін
мейірбан,
ақылды,
шыншыл,
қайырымды
т.б.
адами қасиеттерді игеруге ықпал ету еді.
Науқан кезінде автобустарға үлкенге құрмет
көрсетіп орын беруге плакаттар жапсыру,
қарттарымызды жолдан өткізу, үй алдын
қардан тазалау, мешіт алдындағы адамдарға
садақа беру, үлкен кісінің затын көтерісу сияқты
жақсылықтар жасалды. Мұндай əрекетіміз үшін
біз үлкендердің тарапынан алғысқа бөленіп,
батасын алдық.
Текті халқымыздың саф
алтындай
асыл
қасиеттерін
ұлықтай
білсек,
жүрген
жерімізде
жақсылық
жасап,
қарияларымызды қазынамыздай
сақтап,
айналамызды
нұрға
бөлесек мəңгілік ел боларымыз
даусыз.
Ақмарал Жауғашарова,
информатика
мамандығының
1-курс студенті
ЖАЌСЫЛЫЌ
АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАЙДЫ
Адамгершілік - бұл ұлы сөз. Адамның іс-əрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бəрі
адамның адамгершілік қасиеті. Жақсылық жасау, қайырымдылықпен айналысу арнайы
уақыт бөліп, өзге дүниені ұмытуға тура келетіндей бізге бір қиын, көрінеді. Ал кейде тіпті
жақсылықтың қайтарымын, бағалануын күтеміз.
Ашық есік күні аясында физика-математика
факультеті ұжымы «Қош келдің, мектеп түлегі!»
тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу
өткізді.
Кездесудің
шымылдығын
физика-
математика факультетінің деканы А.Б.Медешева
ашты. Сөз алған кафедра меңгерушілері
Е.С.Айталиев пен А.А.Кульжумиева оқушыларды
кафедра тынысымен, əрбір мамандықтың қыр-
сырын айтып, мектеп түлектеріне сəттілік тіледі.
Қазіргі таңда физика-математика факультеті
Польшаның Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир,
Германиядағы Отто фон Герике, Ресейдің
Элиста
қаласындағы
Қалмақ
мемлекеттік
университеттерімен
жəне
Ресейдегі
білім
беруді дамытудың федералдық институтының
Приволжье филиалы ғалымдарымен тығыз
ғылыми байланыста. Сондықтан да академиялық
ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер
мен магистранттар үшін кəсіби білім алу кеңістігін
кеңейту мақсатында аталған оқу орындарында
кəсіптік
жəне
ғылыми
тəжірибеден
өту,
семестрлік білім алу мүмкіндіктері жасалынған.
Академиялық
ұтқырлық
бағдарламасы
бойынша
шетелде
білім
алып
келген
математика мамандығының 3-курс студенті
Қараева Аделина кездесуде сөз алып, білім
алған Ұлы Казимир атындағы университеттегі
сəттерімен, жетістіктерімен бөлісті. Сонымен
қатар Назарбаев атындағы шəкіртақы иегері
Төлен Айгерім мен А.Тайманов атындағы
шəкіртақы иегері Жанай Гаухар университеттегі
мүмкіндіктер мен жеңілдіктер, кітапхана қорлары,
атаулы шəкіртақылар, студенттік басқару, спорт
сарайы, жатақхана жайында толық тоқталып,
мектеп түлектерін киелі білім ордасына оқуға
шақырды.
Кездесудің келесі бөлімі мектеп түлектерінің
«Махамбет
ақпараттық
орталығына»
саяхат
жасауына
ұласты.
Ақпараттық
жүйелер
мамандығының 1-курс
студенті
Тажкуранов Мейірбек орталықта жасақталған
робототехниканы демонстрациялап, мектеп
түлектері тарапынан қойылған сан түрлі
сауалдарға жауап берді. Мектеп түлектері
алғыстарын айтып, кездесуден, ақпараттық
орталықтан үлкен əсермен тарасты.
Асқақ армандарыңызды университетпен
ұштастырып, М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университеті деп аталатын
білім ордасында ұстаздардың білім нəрімен
сусындағыңыз келсе университетке, физика-
математика факультетіне қош келдіңіздер дей
отырып, білім көгінде қанаттарыңыз талмай
биік самғап, əрдайым биіктен көрінулеріңізге
тілектеспіз, талапкер - 2016.
Зухра Максимовна,
информатика кафедрасының оқытушысы
АШЫЌ ЕСІК КЇНІНДЕ...
Жоғары дəрежелі оқу орнына түссем деген əрбір түлектің ниетін қақпай, бар
мүмкіндікті жасай білген Ақжайықтың төрінен орын тепкен 83 жылдан аса тарихы бар
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жыл сайын дəстүрлі
түрде барлық мектеп түлектеріне өз есігін айқара ашады. Ашық есік күнінде мектеп
түлектері университеттің оқу ісімен, тыныс-тіршілігімен танысып қана қоймай, жарқын
мерекелік концертке куə болды. Жалпы бұл іс-шараның мақсаты – мамандықтар
жайында мағлұматтар бере отырып талапкерлерге аса маңызды таңдау жасауға,
болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беру.
МАХАМБЕТКЕ АРНАУ
Жыр жазып ең мың ойлап, жаумен алысып жүргенде,
Қазақ жұрты азап шекті, қара қанды сұм боларын білген бе?!
Айырмағын мына бізден, бақыт, қуаныш, шаттықты,
Мөлдіреген жас төлілсін, шат қуанып күлгенде.
Хан Жəңгірге қарсы келіп, халықтың жағын жақтадың,
Сан мың əскер қарсы тұрып, ешкімге міз бақпадың.
Қара халық шырылдайды, егіліп жылап, бас ұрып,
Бəрін біліп, көре тұрып, ешкімге жақ ашпадың.
Əр сөзіңде бір мағына бар, халықтың мұңын толғаған,
Жаратқаным саған рахмет, осындай ұлды жолдаған.
Бір өзіңдей ұлдар келсін, маңдайына қазақтың,
Бұрын соңды сұм соғыста, Махамбеттей ұл болмаған.
Алға қара, көзіңді аш, көтергін қара басыңды,
Ұмтыл, талпын, ілгері бас, көздегі тиып жасыңды.
Ұлы тарих сыр шертеді, ержүрек, батыр ұлдардан,
Намыс оты жібермесін, қолдағы бар асылды.
Бейбіт заман, елім тыныш, сұм соғыс енді болмасын,
Көзі ашық халқым барда, əрқашан бізді қолдасын.
Мəңгілік ел ұраның боп, Елбасымен тек алға,
Қайсар мінез, мықты жігер, ілдірмей ешкімге олжасын.
ЌАСИЕТІЅНЕН АЙНАЛДЫМ, ТУЄАН ЖЕР!
Байтақ дала, қыран құстар қалықтаған ашық аспан,
Сағынамын осы жерді, сенен əр кез алыс жатсам.
Жас жүрегім елжірейді, айналдым сенен туған жер,
Құшағың кең, жаны дархан, есігіңді айқара керіп ашқан.
Оңтүстігің шипалы жер, дертін тауып емдейтін,
Жаны жайсаң халқы да бар, ешкімге тең келмейтін.
Салт-дəстүрді берік ұстап, мəдениетін танытқан,
Мақтанамын өздеріңмен, олжасын ешкімге бермейтін.
Батысыңда байлығың көп, мұнайың мен газың бар,
Атырау мен Ақтауың да, балықтарды ет қылар.
Каспийге кеп шомылыңдар, құмарларың қанғанша,
Ақ Жайықтан бекіре жеп, уылдырығын алыңдар.
Солтүстігің салқын келер, қалтырап аздап тоңасың,
Бурабайдың таза ауасы, жаның жылу жолдасын.
Қазақтарың орыс дейді, жансақ пікір болмасын.
Тура жолдан адаспайық, бір Аллам бізді қолдасын.
Шығысыңда алтының көп, қазаққа берген байлығы,
Не боп жатыр қызықтырар, қара халықтың жай мұңы.
Ұлылардың ізі қалған, түркі дүние мекені,
Уа, Жаратқан қолдап жүрші, болмасын жайт қайғылы.
Отын еттік қара тасты, жер қойнауынан алынған,
Орталығым көмірге бай, мыс пен темір табылған.
Елбасының еңбек жолы Теміртаумен қатысты,
Уа, Туған жер, айналайын, Сəтбаевтай ғалымнан.
Міне көрдік бəрі де бар, қайсы бірін айтайын,
Жырла десе жырламасқа, айтып салар сөз дайын.
Мақтанамын бір өзіңмен, қасиетті мекенім,
Ран елім, қалың жұртым, аман болшы əрдайым.
МЕНІЅ ГРАНТЫМ
Мақсатым бар алға қойған, биік шыңға жеткізер,
Армандаймын адам болып, не боларын кім білер?!
Кешегі күн бүгін тарих, ерекше орын алатын,
Біздің Қазақ батыр халық, тудырған талай тектілер.
Жаңа ғасыр, жаңа тарих, техниканың заманы,
Қазіргі жас бақытты ғой, жоқ болар, сірə, арманы.
Бұрынғыдай шаммен емес, барлық жағдай жасалған,
Сұрайтыным тек олардан, еңбектенсе болғаны.
Елбасының сара жолы, жеткізер биік шыңдарға,
Əр жыл сайын жаңа мақсат, оң көзіңмен шын қара.
Серпін атты жаңа жоба, жастарға берген мүмкіндік,
Мұрат аға, көз тимесін, осындай сəтті жобаға.
Көзінде от жалындаған, жүректерді өртейтін
Таң қалдырып мына мені, кемсітіп еш бөлмейтін.
БҚМУ-ға мен алғыс айтам, серпіндіктер атынан,
Көзің жетіп талантына, қарап тұрып шөлдейсің.
Əсем қала, сұлу қала, қарасаң көзің тоймайтын,
Көшесінде бір қоқыс жоқ, тазалықты қолдаймын.
Еуропалық стилі бар, жалғыз қала Оралсың,
Сені көріп əсер алдым, өзің жайлы толғаймын.
Жас қаласың аларың көп, сынақтарға бол дайын,
Жағажайы өте мықты, барам десең жол дайын.
Қарт Каспиймен мақтанамыз, Бекет ата піріміз,
Маңғыстаудан орын тепкен, Ақтауға сəлем жолдаймын.
Жарқын елдің ұрпағымыз, сын сапамен шыңдалған,
Жер шетіне көзің жетпес, асқар таулы кең далам.
Сіз, біз болып ат салысып, биіктерге жетектеп,
Бар əлемге танытайық, ұрандатып жар салам!
Сүлеймен Байдəулетов,
математика мамандығының 1-курс студенті
14
№2 (917) 29 ақпан 2016 жыл
Бееееу, ғасыр...
Жазу басын бастап еді "Тəңірден"
Жұртын билеп əмірмен.
Андасына ар шырынын тамызған,
Қандасына қас қылса,
Дария қанын ағызған.
Аңқаларын сусындатып абыздан,
Қаңқаларын қатайтып ап аңыздан,
Бастауын көріп Майқыдан,
Қолы босамай қайқыдан,
Көксеген екен құнын қай?!.
Тастай қып өрген бұрымдай,
Ұрт тата алмасқа ұрынбай,
Құрыры жоқ Ұрымдай,
Ғұмыры көп Қырымдай,
Баба жолдан бұрылмай,
Бозқараған сүзсе табан жырылмай,
Сəмсіресе ұраларға тығылмай,
Қырларда қойдай қырылмай,
Белдерде бөрідей ұлырдай,
Мен Түркі едім, Түркі едім,
Өткен дедім бар ай, жыл.
Алып шалшы ақ айғыр,
Артында қалып талай қыр,
Жауыма жебе бүркемін.
Азманақ болса астымда,
Кескін көрсетіп қашқынға,
Көзбенен көркін тінтемін.
Қарагерге ерді салғанда,
Ұсқыным ұқсап арланға,
Саусақ бармасты түртемін.
Жетімекпенен желдірткен,
Жендетті жойып елді іріткен,
Жаны барды телмірткен,
Мен Түркі едім,
Есімім болса, Күлтегін!
...Күн ашықта осылайша сайрайды...
Болмыс мені қайрайды.
Содан...
Бабасына ұрпағы да сай шығар,
Алпамыстың астындағы Байшұбар,
Дүбірлетсе жер жарылып, Ай сынар.
Қарақасқа...Қамбар қылыш қайшылар,
Қобыланды Тайбурылын тайпалтып,
Шабар болса, сай соңынан сай шығар.
Қобыз артқан Қорқыт бар,
Жүсіп- жырдан толқып xəл.
Шырағданы ойдың берік тұр,
Тұлға көп дел- сал күйде есім,
Шоқпармен кетіп көп дəрмен,
Шарт еткізген жоқ шүйдесін!
Қазтуғаным қопарып,
Қодан тайшы жоқтауынан от алып,
Шалкиіз- ой шаршы топта шалқалай,
Бұқар жырау сөз- соққысы балтадай,
Ақтамберді жыры Сарыарқадай,
Үмбетейлік ұран қазы- қартадай,
Марғасқаға қарсы келген алқа қай,
Қайыссы ұсақ ой айтып ед арпадай,
Кім келсе де жыр ақтарып, тосқан бет,
Маxамбет пен Доспамбет!
Жүздерінде нұр кепкен,
Білінбестен жылжып сəт.
Талай да талай тұлға өткен,
Уақыт көрсеткен сырды ұқсақ.
...Бəрін кешіп келген мынау Балбалым,
Дəл үстіңнен таптап өтсе, Қарғадым!
Бір ұнтағың жатқа кетсе, Жалмадым!
Дала- ғұмыр ұзақтығын қалапты ұл,
Төрімізде шалқаймайды дарақ құр.
Артамызда қан қалды,
Аман жеткіз деп Балбалды,
Ғасырлар маған қарап тұр!
Ғилымханов
Мəрлен
Мəлікұлы -
1998 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан
облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің I курс студенті.
Қадыр Мырза Əлі атындағы Батыс
Қазақстан облыстық мəдениет жəне өнер
орталығы жанынан құрылған «Қаламгер»
жастар
шығармашылық
клубының
мүшесі.
Облыстық,
республикалық
мүшəйралардың жеңімпазы.
Балбал
Ты знаешь, всему свое время,
Ты верь мне, пожалуйста, верь
И любовь постучится однажды
В твою приоткрытую дверь.
И мир вдруг станет добрее.
И розы вновь расцветут,
И душу твою согреет
То лето, которого ждут.
И чувство это такое,
Которое силы дает
Учиться, творить и верить,
Что все это произойдет.
Январь, 2016 год.
В декабрьском номере нашей газеты были опубликованы стихи Алины Шеломановой,
студентки 1 курса. Лирические строки ее поэтических откровений вызвали отклик у наших
читателей. По словам Ляззат Дауловой, преподавателя кафедры иностранных языков
филологического факультета, стихи поразили своей грустью. «Очень хотелось подбодрить
девушку, и родилось несколько поэтических строк. Возможно, они сделают творчество
талантливой девушки немного радостнее, а взгляд на мир позитивнее».
Алине
На стихотворение
Біз – ќазаќтыѕ жастары
Жерін бермес ел шетіне жау енсе,
Ар санайтын соңынан сөз, дау ерсе.
Пұтқа сатпас намысы мен сенімін,
Тəңіртаудай көкке ұмтылған тау еңсе.
Біз – қазақтың жастары!
Түр мен түске бөлмейтұғын ұлысын,
Бауыр қылған Батысы мен Шығысын.
Жарты құртын жарып жеген аштықта,
Төбеттерге талатпаған туысын.
Біз – қазақтың жастары!
Қан майданда темір сауыт киінген,
Жауға емес, Жаратқанға иілген.
Көздің жасы қан боп ағып жатса да,
Он сегізде от кешуге түйінген.
Біз – қазақтың жастары!
Азаттықты арман қылған қаншадан,
«Ынтымақ» деп жаңғырып тұр бар санам.
Желтоқсанның сары аязын жатырқап,
Жанға жайлы жақсы күнді аңсаған.
Біз – қазақтың жастары!
Тəуелсіздік Тəңір сыйы санаған,
Құндылық бұл құдіретке балаған.
Бейбіт өмір бесігінде тербеліп,
Тыныштық пен татулықты қалаған.
Біз – қазақтың жастары!
Бойда қуат, жүректе үміт сөнбеген,
Бодандық пен надандыққа көнбеген.
Бар қазақты жалғызым деп жақын қып,
Əлсіздерге аждаһадай төнбеген.
Біз – қазақтың жастары!
Бақытты күн болашаққа ұмтылған,
Тарихында таңбаланып сыр тұнған.
Бар болмысы тектіліктен жаралып,
Аттамаған бабалардың ғұрпынан.
Біз – қазақтың жастары!
Аќын – Əйел
Ақындық мінез тым қиын,
Біресе - көктем, бірде – күз.
Жаныңды кейде бұл өлең
Жұлмалап алса көнесіз.
Тағдырың тарау сан түрлі,
Жазылмай қалар қанша арман.
Жазылмай қалар қанша жыр
Сайрап тұрса да бар санаң.
Өмірдің жарқын сəттері
Өлең боп туса бақыт қой.
Тəңірден тəтті сый дерсің,
Таңдайға салса жақұтты ой.
Өлеңнен алсаң өз орның,
Өмірлік бағың тағы бар.
Азап тірліктен тым бөлек
Мазақ тірлігің табылар.
Жарыңның тапсаң қабағын,
Сейілер көңіл тұманың.
Жүректе шабыт, отта тұр
Сарқылдап қызыл құманың.
Түндерде қатар тербелер,
Бал бесікпенен жыр бесік.
Адамдық бақыт тұрса егер
Өлең мен өмір үндесіп.
Жүрегің сыздап, тулайды,
Тұрса да қанша таң күліп.
Ақын боп бəрі тумайды,
Əйел боп қалу заңдылық.
Батуова Раббина Нұрбекқызы 1995
жылы
Атырау
облысы,
Құрманғазы
ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген.
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс
Қазақстан
мемлекеттік
университеті,
филология факультетінің 3 – курс студенті.
Облыстық, республикалық Мұқағали, Абай,
Махамбет оқуларының жеңімпазы атанған.
Республикалық Жұмекен Нəжімеденовке
арналған мүшəйраның, Оралхан Бөкей
оқуларының дипломанты. «Мен жастарға
сенемін!» III республикалық байқауының
«Көркем ой шебері» номинациясының
иегері.
***
Когда ты вошла в мою жизнь,
на улице падал снег,
Был месяц… декабрь? Январь?
Я, в общем-то, сбился со счёту,
И время, казалось, на миг замедлило бег,
Чтоб вновь закружиться в стремительном
полёте.
Когда ты вошла в мою жизнь,
на улице был мороз,
А за окном свирепствовали ветра,
Я ещё с лета не мог отогреться, … замёрз,
И осень дарила одни лишь холода.
Когда ты вошла в мою жизнь, я всё ещё болел,
Сбился с пути, потерял ориентиры,
Казалось, мой маленький мир
с каждым днём чернел,
Сузился до размеров квартиры.
Когда ты вошла в мою жизнь, я был одинок,
Искал утешение, погрузившись с головой в
работу,
Вроде бы чувствовал, дышал и жил… как мог,
Только легче не становилось ни на йоту.
Когда ты вошла в мою жизнь, я так устал,
Казаться безмятежным, играя чужую роль,
Топить отчаяние в море алкоголя.
Дежурно улыбаться сквозь зубы, скрывая боль.
Когда ты вошла в мою жизнь,
беспросветный мрак отступил,
Ухабистую дорогу осветили огни,
Я растерянно, неуверенно следовал по пути,
А ты улыбалась, не отпуская моей руки.
Когда ты вошла в мою жизнь,
вдруг стала теплей зима,
В густом тумане я смог разглядеть твой силуэт
Я путник, что сбился с пути и нашел ясный свет
Где-то вдали отступила ночь и заиграл рассвет.
Когда ты вошла в мою жизнь, с динамиков
лился блюз,
Небо мерцало тысячей ярких звёзд,
Ты мне казалась жестокой игрой грёз,
Я крепко сжимал тебя, на вдохе шепча «люблю».
Аюпова
Айкерим
Маликовна
родилась 8 сентября 1995 года в пос.
Первомайск Акжаикского района. В
2001-2013 обучалась в СОШ-детсад
Белес. В 2013 году поступила по
гранту в ЗКГУ имени М.Утемисова на
факультет физики и математики. В
данный момент является студенткой
3 курса специальности «математика».
15
19
№2 (917) 29 ақпан 2016 жыл
15
«Журналист» («Journalist») жаршысының жауапты редакторы –
Мөлдір Латифова,
(«ФҚТ», 02305-топ), тілшісі – Айша Кемешова, («ФОТ», фил-12). Кеңесшісі – А.С.Қыдыршаев,
Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.
На этой встрече присутствовали глава
нашей области Нурлан Аскарович Ногаев,
журналисты,
общественные
деятели,
творческая интеллигенция и читатели,
одной
из
основных
республиканских
изданий с вековой историей, газеты
«Егемен Қазақстан». Н.А.Ногаев, аким
области,
отметил
большой
вклад
Сауытбека Абдрахманова в казахстанскую
журналистику и в главную газету страны,
которая до сих пор не теряет своей
актуальности, несмотря на сегодняшний
виртуально-информационный
век.
В
истоке казахской журналистики были такие
замечательные писатели-поэты, как Мухтар
Ауезов, Абиш Кекилбаев, Кадыр Мырза Али.
В оживленном разговоре гость выразил
глубокую
благодарность,
что
народ
чтит память великого акына, народного
писателя Кадыра Мырза Али, процитировав
знаменитую фразу известного писателя Абиш
ага Кекилбаева: «Қадырды білмейтін қазақ
əсте жоқ». Кстати, эта встреча проходила
в центре культуры и искусства им. Кадыра
Мырза Али. Он сказал, что именно этот поэт,
наш выдающийся земляк, обогатил нашу
литературу своими меткими выражениями,
бессмертными произведениями и многие
фразы из них стали афоризмами в народе,
которые имеют глубокое значение.
На встрече известного общественного
деятеля Сауытбека Абдрахманова шла речь
о роли духовности, нравственных ценностей
в формировании нации, об истории и о
сегодняшних буднях одной из старейших
республиканских газет «Егемен Казахстан»,
которая имеет 96-летнюю историю. Ведь
газета, прежде всего история страны,
летопись нации, она влияет на менталитет
народа.
Сауытбек Абдрахманов выделил, что
главные задачи газеты - служить на благо
народа, придерживаться объективности и
достойно отражать главные новости. Газета
также должна быть близка и совпадать с
мнением и интересами читателей, поднимать
важные и актуальные вопросы, искать пути
разрешения проблем, возникших в нашей
стране.
В
завершение
мероприятия
присутствующие задавали волнующие их
вопросы, выражали благодарность и желали
дальнейшей плодотворной работы. После
этой встречи я поняла и узнала главное,
что журналист – информатор, который
доносит до людей правду, чтобы они сами
сделали выводы, а не провокатор, который
получает удовольствие, устраивая между
людьми разногласия.
Достарыңызбен бөлісу: