1.Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ұғым.Мәдениет жеке пән ретінде 19 ғасырдан қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениет сапалық ерекшеліктеріне, олардың өзара байланыстары мен сабақтастығын адам дамуының жалпы заңдылықтары.
2.Алғашқы қауымдық мәдениет – тарихи мәдениет топологиясы бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі архайкалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүкіндігін туғызды.
3.Мәдениет дегеніміз (латын тілінде Civilic - өңдеу, тәрбиелеу, білімберу, да му, сыйлау) - адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
4.Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.
5.Материалдық мәдениет дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы
6.Семиотика — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы табиғаттағы жануарлар дүниесіндегі коммуникация немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.
7.Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде бастауы Аристотель еңбектерінен алады.
8. Әлемдік мәдениет- жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүние жүзі сипат алған діндерге негіздеп хиристиандық, исламдық, буддалық мәдениет де бөлу бар.