81.Бейнелілік – әдеби шығармада өмір құбылыстарының көркем образдар жүйесіне айналуы.
82.Би-шешендер – хандық дәуірдегі ел өмірінде қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастарда маңызды роль атқарған қайраткер тұлғалар. Билер, көбінесе, елдің ішкі-сыртқы қарым-қатынас тарындағы даулы мәселелердің түйінін шешумен айналысса, шешендер ел өміріне, адам жаратылысына қатысты философиялық ойлар тарқатуға көбірек бейім болған. Би-шешендердің ақын-жыраулардан айырмашылығы – олардың қара сөз бен өлең сөзді еркін пайдалануы, яғни би-шешендер поэзия талаптарын ұдайы құнттай бермейді. Көбіне-көп жағдайда экспрессиялы ырғаққа ден қояды.
83.Дидактикалық поэзия – философиялық, діни, моральдық,ғылыми-танымдық ойлар мен білімдерді поэзиялық пішінде жеткізу барысында олардың тағылымдық мәніне баса назар аударатын көркем шығармалар арқылы айқындалатын түсінік.
84.Жыраулар – хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қалыптастырған негізгі тұлғалар. Толғау, жыр түрінде келетін поэзия лық шығармаларына дидактикалық ұлағат, философиялық ой-толғаныстар, романтикалық сезім, реалистік суреттеулер тән.
85.Неолиттік ревалюция- аңшылық пен жеміс терушіліктен жер ендеуге көшу.
86.Ревалюция- бұл адам қызметінің кез-келген саласындағы ғаламдық қайта құру.
88.Тенгризм- дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда
және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады.
89.Монотеистік-тек бір ғана Құдай - Аллаһ тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып табылады және шығу тегі бір.
90.Ағартушылық-қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды