Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
30.Ұжымдық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері. Ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әртүрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Төменде ұжымдық оқытуды әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары:
І кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай
топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмекнұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға
назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар
тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің
жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды,
қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді,
бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне түсіндіреді.
ІІІ кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын
спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады.
Жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды, саралайды.
ІV кезең. Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен
таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі
(дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болады).