24.Іскерлік ойындар. Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады.Қазіргі кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XXғ 50 - ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар, бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады. Іскерлік
ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты
тудырып, шет тілін оқыту кезінде қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Ойында ойыншынын кәсіби — педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізіпроблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық рөлдік шешудің жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші
фактор ретінде қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау кабілеті нәтижесіндс ойыншылар педагогикалық образға толығымен кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады.
25.Тренинг әдістері мен құралдары.
Тренинг әдістері
Топтық талқылау - проблемалық жағдайды, сұрақ немесе тапсырманы бірлесіп талқылау және талдау. Топтық талқылау құрылымдалған болуы мүмкін(яғни жаттықтырушы қойылған сұрақтарды немесе талқылауға арналған тақырыптарды қолдана отырып басқарады) немесе құрылымсыз (оның барысы топтық пікірталас қатысушыларына байланысты).
Ойын әдістері - іскери ойындар, рөлдік ойындар, дидактикалық, шығармашылық, еліктеу, ұйымдастырушылық және белсенділік.
«Кіріс құжаттары бар бума» - Кейс әдісі. Кейс - бұл жауап пен шешімді қажет ететін проблемалық жағдай. Кейстің шешімі жеке де, топтың құрамында да болуы мүмкін.
Миға шабуыл - шығармашылық белсенділікті ынталандырудың тиімді әдістерінің бірі.Ол сізге арнайы ережелерді қолдану арқылы күрделі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді - біріншіден қатысушылар мүмкіндігінше көптеген нұсқалар мен идеяларды, соның ішінде ең фантастикалық нұсқаларын білдіруге шақырылады.
Тренинг түрлері
Психотерапиялық
Әлеуметтік-психологиялық
Бизнес-тренинг