2 аралық бақылау сұрақтау Қарым-қатынас психогигиенасын тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде қолдануға қатысты әдістемелік нұсқауларды атаңыз



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.12.2022
өлшемі257,61 Kb.
#56270
түріНұсқаулар
  1   2   3   4


2 аралық бақылау сұрақтау 
1. Қарым-қатынас психогигиенасын тәлiм-тәрбие беру 
мекемелерiнде қолдануға қатысты әдістемелік нұсқауларды 
атаңыз 
Жауабы: (5-6 дәріс)
2. Педагогикалық этика сипаттамасы
Жауабы: (4 дәріс) Педагогикалық этика - мінез-құлық нормаларын 
зерттейтін ғылым. Педагогикалық этика жалпы этикалық 
нормаларға негізделген білімалушылармен, олардың ата-
аналарымен және әріптестерімен қарым-қатынас кезінде педагог 
басшылыққа алатын нормативтік моральдық ұстанымдарды 
анықтайды. Педагогикалық этика моральдық құндылықтар мен 
педагогикалық моральдың негізгі категорияларының мәнін 
қарастырады.
Педагогикалық этика талаптары: 

табысқа деген сенімді күшейтетін ұстаным; 

педагог мен оқушы арасында дұрыс қарым-қатынас орнату

әрбір білім алушыға тілектестік қарым-қатынас; 

алғашқы кездесуден бастап оқушылармен қолайлы сӛйлеу 
қарым-қатынасы; 

педагогнің келбеті, топтағы жағдай. 
3. Ұстаздың педагогикалық қызметіндегі дербестік іс-әрекет 
стилі.
Жауабы: (8 дәріс) Ұстаздың деонтологиялық даярлығының 
компоненттері оның педагогикалық қызметіндегі дербестік іс-
әрекет стилінде кӛрініс табады. Әрбір мұғалімнің педагогикалық 
қызметінің дербестік іс-әрекет стилін анықтау – оның 
деонтологиялық әлеуетінің, кәсіби шеберлігінің қалыптасуының 
маңызды шарты болып саналады. Дербестік іс-әрекет стилі 


ұғымына адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес табысты еңбекті 
қамсыздандыратын міндеттер, әдіс-тәсілдер, тактикалар жүйесі 
жатады. Мысалы, екі педагог бірдей жағдайда нақты бір әдісті 
қолданғанымен, нәтиже түрліше болады. Мұның ӛзі мұғалім мен 
оқушылардың қарым-қатынас стиліне байланысты. Қарым-қатынас 
стилі дегенді педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық 
ӛзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктері, деп 
түсіндіріледі. 
Ұстаздың жеке тұлғалық сипаты табиғатынан әртүрлі болуына 
байланысты оның іс-әрекетінде дербестік стиль байқалады
мысалы: 
− 
жүйке жүйесі жігерлі, жоғары ынталы ұстаздар айтарлықтай 
табысқа шешімдерінің шапшаңдығымен, экспромттылығымен, 
дербестігімен жетеді; 
− 
жүйке жүйесі жігерлі, бірақ ынтасы тӛмен, аса салмақты 
ұстаздар табысқа жету үшін ӛз шешімдерін тағайынды 
дайындықпен, асықпай, едәуір ойлана, ұстамдылықпен атқарады; 
− 
табиғатынан жүйке жүйесі әлсіз типті ұстаздар табысқа 
ерекше сезімталдығымен, тапқырлығымен, оқушылардың ішкі 
дүниесін түсіне білуімен жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет