2 аралық бақылау сұрақтау Қарым-қатынас психогигиенасын тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде қолдануға қатысты әдістемелік нұсқауларды атаңыз


Педагогтың кәсіби, арнайы, әлеуметтік, білім беру, бағдарлы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.12.2022
өлшемі257,61 Kb.
#56270
түріНұсқаулар
1   2   3   4
Байланысты:
2 аралық бақылау сұрақтау

7. Педагогтың кәсіби, арнайы, әлеуметтік, білім беру, бағдарлы 
құзыреттіліктерінің сипаттамасы 
Жауабы: (9 дәріс) 1. Кәсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас 
салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және 
теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, 
тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады. 
2. Арнайы құзыреттілік - ӛзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде 
айналысатын және ӛзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін 
қаблет.Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.
3. Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу 
қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде 
қабылданған кәсіби қарым- қатнас тәсілдерін қолдана білу яғни
мұғалім оқушылармен қарым-қатнаста тактикасын баланың жасы, 
рухани ӛсуіне байланысты ӛзгертіп отыруы керек. Оқушыларды 
топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке 
тұлғаның дамуына мән беруі керек.
4. Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, 
білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген 
қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен 
креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және 
әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қаблеті. 
5. Бағдарлы құзыреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені 
түсіну, баға бере білу, елжандылық); 
8. Педагогтың мәдениет танымдылық, оқу танымдық, 
коммуникативтік, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік 
еңбек, тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерінің 
сипаттамасы 
Жауабы: (9 дәріс) 6. Мәдениет танымдылық құзыреттілік (ұлттық 
ерекшеліктерді тани білу, ӛз халқының мәдениеті мен ӛзге ұлттар, 
әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 


7. Оқу танымдық құзыреттілік (ӛзінің білімділік қабілетін 
ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік 
әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 
8. Коммуникативтік құзыреттілік (адамдармен ӛзара қарым - 
қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, 
халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); 
9. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік (ақпараттық 
технологиялармен, техникалық объектілер кӛмегімен бағдарлай 
білу, ӛз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, ӛзгерте білуді 
жүзеге асыра білу қабілеті); 
10. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық 
жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі ӛмірлік 
жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете 
білу қабілеті); 
11. Тұлғалық ӛзін-ӛзі дамыту құзыреттілігі (отбасылық еңбек, 
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы 
белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).«Халық пен 
халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» - деп ұлы жазушы 
М.Әуезов айтқандай, Қазақстанның ӛркениетті әлемге қол созып, 
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты 
тетігі - білім екендігі анықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет