2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын



бет22/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттік меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану,және оған билік ету құқықтарын заңнамалық актілерді белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.
Қазыналық кәсіпорын. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады. Қазыналық кәсіпорынның қызметі мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттік басқару органы бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады.


3. Коммерциялық емес заңды тұлғалар
Соңғы кездері коммерциялық емес ұйымдардың әр алуан түрлері көптеп құрыла бастады. Олардың құқықтық жағдайын айқындау барысында заңды тұлғаны коммерциялық емес ұйым қатарына жатқызудың екі негізіне мән беру керек:
-пайда табу олардың басты мақсаты емес
-тапқан табысты олар қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ
Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері:

  • Мекеме

  • Қоғамдық бірлестік

  • Акционерлік қоғам

  • Тұтыну кооперативі

  • Қор

  • Діни бірлестік

  • Заңды тұлғалардың қауымдастығы

Мекеме деп басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттаға қызметтерді жүзеге асыруы үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым танылады (АК 105-бап).
ҚР-да қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады (АК 106-бап). Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады (АК 107-бап).
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.
Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады (108-бап).
Рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады (АК 109-бап).
Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай ақ жалпы мүліктік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсаттарында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады.

Сызба 2
З АҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС


ТҰЛҒАЛАР ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР


АКЦИОНЕРЛІК МЕКЕМЕ
ҚОҒАМ


ӨНДІРІСТІК ҚОҒАМДЫҚ
КООПЕРАТИВ БІРЛЕСТІКТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОҒАМДЫҚ


КӘСІПОРЫН ҚОР


ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰТЫНУ
СЕРІКТЕСТІКТЕР КООПЕРАТИВІ
ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК


ДІНИ БІРЛЕСТІК


СЕНІМ СЕРІКТЕСТІГІ


ЖАУАПКЕРШЕЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
СЕРІКТЕСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
ҚОСЫМША ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
БАР СЕРІКТЕСТІК




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет