2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп



бет21/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтады, оның қатысушылары серіктестіктің міндетемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді (АК 77-бап).
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған кезде өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестікті айтамыз (АК 84-бап).
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтамыз. Акционерлік қоғамның акционерлері АК-те көзделгенннен басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді (АК 85-бап). Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым деп аталады. Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының 20 пайызынан астамы басқа (қатысушы, ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады (АК 95 -бап). Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестікті өндірістік кооператив деп атаймыз (АК 96-бап). Өзінің еңбекке қатыуы (жай алғанда, кооператив мүшесі онда жұмыс істеуі тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және шаруашылық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы ақша енгізумен аяқталатын қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес болатын. Басқаша айтқанда өндірістік кооператив дегеніміз – бұл ең алдымен еңбек бірлестігі, ал шаруашылық серіктестік – бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Кооператив мүшелері кооператив борыштары бойынша қосымша міндеттер көтереді. Коммерциялық заңды тұлға ретінде мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиесілі мүліктің меншік иесі болып есептелмейді – оның меншік иесі мемлекеттің өзі – және осы кәсіпорындар иеленіп отырған мүлікке заттық құқыққа қарай өз қызметін жүзеге асырады, олар АК-нің 102-бабының 1-тармағына сәйкес: 1)шаруашылық жүргізу құқығына негізделген, 2)оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді. Мұның кейінгісі «қазыналық кәсіпорын» деген арнайы терминмен аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет