2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату



бет81/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату (АК 370б.) Міндеттемені мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік-бөлігімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың келісімі жеткілікті. (АК 370б. 1т.)
Есепке жатқызу үшін үш жағдайды сақтау қажет:
1. Талаптардың қарсы болуы, яғни, бір міндеттемедегі несие беруші басқа міндеттемеде борышқор болуы үшін, тараптардың бір уақытта екі міндеттемеде қатысуы;
2. Талаптар біртектес болуы қажет. Тәжірибеде есепке жатқызу әдетте ақшалай талаптарға қатысты жүргізіледі. Егер де заттардың есепке жатқызылуы туралы мәселе болса, онда ол біртектес бірдей сапада болуы керек (ұнға ұн, алмаға алма және тағы басқа)
3. Талаптардың екеуі бойынша да орындау мерзімі орын алуы қажет. (мысалы, қарызға берілген ақшаның екі айлық мерзімінің аяқталуы) не оның мүлдем белгіленбеуі (қайтару мерзімін анықтамай ақшаны жай қарызға беруі), не талап ету сәтімен анықталуы қажет (ақша қарызға бірінші талап ету шартымен берілуі).
Соңғы жағдайда орындаудың ақылға қонымды мерзімі және 7 күндік мерзім қолданылмайды, өйткені орындау іс жүзінде жүргізілмейді.
Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті (АК 370б.)
АК 370 бабының 2-ші тармағында талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейтін жағдайларды белгілейді:

  1. егер тараптарының бірінің өтініші бойынша талапқа талап мерзімі қолданылса және ол мерзім өтіп кетсе;

  2. азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы;

  3. алимент өндіріп алу туралы;

  4. өмір бойы асырау туралы талаптарды;

  5. заңдарда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берілмейді.

Борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуы (АК 371 бап) себепті міндеттеме тоқтатылады. Борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуы, мысалы, АҚ-ның акционерден оның акцияларын оларды өтеу және жарғылық капиталды азайту мақсатында сатып алу; борышқордың несие беруден қарыз құжатын сатып алу (вексель), арендатор аренда берушіден арендаға алынған мүлікті сатып алу және т.с.с.
Несие беруші мен борышқордың бір тұлға болуы себепті азаматтар арасында міндеттеменің тоқтатылуы, мүліктің мұрагерлік бойынша борышқордан несие берушіге ауысуы кезінде және керісінше болған кезде болады.
Заңды тұлғалар арасындағы қатынастарда аталған себеп бойынша міндеттеменің тоқтатылуы бірігуі жолымен және біреуісіне басқасының қосылуы жолымен заңды тұлғаның қайта құрылуы кезінде болуы мүмкін (АК 45б.)
Егер борышқор мен несие берушінің соған сәйкес келуін туындатқан мән жайлар жойылса, бұрынғы міндеттеме тек азаматтар арасындағы қатынастарда қалпына келтіріледі. (мысалы, борышқор өлді деп жарияланған несие берушінің мүлкін мұрагерлікке алады, ал ол іс жүзінде тірі болуы).
Бұрын біріккен заңды тұлғалардың бөлінуі кезінде бұрынғы міндеттеме қалпына келтірілмейді, бұрынғы міндеттемелердің тағдыры жасалған бөлу балансы бойынша жаңадан анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет