2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Мемлекеттік органның құжаты негізінде міндеттердің тоқтатылуы



бет83/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
Мемлекеттік органның құжаты негізінде міндеттердің тоқтатылуы (АК 375б.). АК 275 бабына сәйкес егер жергілікті өкілді және атқарушы органды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан міндеттемені толық немесе ішінара орындау мүмкін болмаса, міндеттеме толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар АК-ке сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (мысалы бірде-бір бағыттарға немесе жерлерге тауарлар апаруға тыйым салу, арест имущества және тағы басқа).Өкілеттік шегінде және заңды шығарылған актілермен келтірілген шығындар өтелмейді. Міндеттеменің тоқтатылуына негіз болған жария құжат белгіленген тәртіп бойынша жарамсыз деп танылса, егер тараптардың келісімімен немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше жағдай туындамайтын болса және міндеттеменің орындалуына несие берушінің мүдделілігі жоғалмаса, міндеттеме қайтадан қалпына келтіріледі (АК 375б.)
Азаматтың қайтыс болуымен міндеттеменің тоқтатылуы АК 376-бабында белгіленгендей егер міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса немесе міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланыста болса, борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады.
Егер міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Бұл ережелер азаматты өлді деп жариялаған кезде де қолданылуы керек.
Борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен тек жеке сипаттағы міндеттер тоқтатылады (мысалы, жазушының қайтыс болуымен авторлық шарт тоқтатылады, сенім білдірушінің немесе сенім білдірген өкілдің қайтыс болуымен тапсырма шартты тоқтатылады және тағы басқа). Бұл ережеден кейбір ерекшеліктер бар. Мәселен, комиссия шарты бойынша қатынастарды комитент қайтыс болған жағдайда комиссионер комитенттің құқықтық мироқорларынан немесе өкілдерінен тиісті нұсқаулар түспейінше, оған берілген тапсырманы орындауға міндетті (АК 882б.2т.).
Борыштардың немесе несие берушінің жеке басымен байланысты емес қалған жағдайларда, олардың бірінің қайтыс болуы нәтижесінде міндеттеме тоқтатылмайды, мұрагерлік бойынша құқықтар мен міндеттердің ауысуы болады.
Азаматтың қайтыс болуымен міндеттеменің тоқтатылуы кезіндегі құқықтық салдарлар, егер міндеттеме ішінара орындалған болса, негізсіз алынған немесе сақталған мүлікті қайтару міндеттері туралы нормаларға сәйкес анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет