2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Шартты жасасу және шартты өзгерту және бұзу негіздері



бет87/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

3. Шартты жасасу және шартты өзгерту және бұзу негіздері
Тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелінеді. Шарт, тараптардың бірінің оферта (шарт жасауға ұсыныс) жіберуі және басқа тараптың оны акцептеуі(ұсынысты қабылдауы) арқылы жасалады. Оферта жібеоеген тарап акцепті алған сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді (АК 397-бап)
Офертаға қойылатын талаптар(АК 395-бап). Оферта: 1) Бір немесе бірнеше нақты тұлғаларға бағытталуы қажет; 2) Жеткілікті дәрежеде айқын болуы қажет; 3) Ұсынысты жасаған тұлғаның адресатпен шартты жасау ниетін көрсетуі қажет; 4) Шарттың елеулі ережелерін қамтуы қажет.
Жария оферта-шарттың барлық елеулі ережелерін қамтитын ,ұсыныс жасаушы тұлғаның кез келген хабар алушымен ұсыныста көрсетілген жағдайларада шарт жасасу еркі көрінетін ұсыныс. Жарнама және беймәлім адамдар тобына жіберілген өзге ұсыныстар,егер ұсыныста тікелей өзгеше көрсетілмесе,оферта жасасуға шақыру ретінде қаралады.
Оферта оны жібереген тұлғаны ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етіп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе,оферта алынбаған болып есептеледі.
Офертаны қойған тарап оны алушы алған сәттен және акцепт үшін белгіленген мерзім өткенге дейінгі кезеңде өз ұсынысын кері қайтарып ала алмайды.
Акцепт – бұл оферта жолданған тараптың оны толығымен және бұлтарыссыз қабылдауы туралы жауабы (АК 396-бап).
Жауап қайтармау акцепт болып табылмайды (егер заң құжатынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса).
Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері акцепт деп есептеледі (егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсе-тілмесе)
Акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келуі қажет.
Акцепті оны алушы алғаннан кейін қайтарып алу шарттық міндеттемелерді орындаудан бір жақты бас тарту болып танылады, бұған, заңмен немесе шартпен белгіленген жағдайларадан басқа, жол берілмейді.
Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа акцепті кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзімінде жіберген хабар кешіктіріліп алынған жағдайда, акцепт кешіктірілген болып есептелмейді. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа оның кешіктіріліп алынған акцепті қабылданғаны туралы дереу хабарласа , шарт жасалған болып есептелінеді (Кешіктіріп алынған акцепт). Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендік туралы жауап акцепт болып табылмайды,ол офертадан бас тарту және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады (Өзге жағдайларда акцепт).
Заң шартты жасасу тараптардың бірі үшін міндетті болатын жағдайларды көздейді (АК 399-бап). Бұл жария шартқа (АК 387-б.), қосылу шартына (АК 389-бап), алдын ала шартқа (АК 390-бап) және басқаларына қатысты. АК 399-бабы мұндай шарттарды жасау тәртібін, сондай-ақ оның жағдайларын сот тәртібінде анықтау мүмкіндігшін қарастырады. Заңдарға сәйкес шатты жасасуға міндетті тарап оны жасаудан жаттарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт жасаудан негіссіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруы тиіс.
Шарт, егер оның мәнінен өзгеше туындамаса, жария сауданы жүргізі жолымен жасалуы мүмкін. Шарт жария сауданы ұтқан тұлғамен жасалады. Жария сауда аукцион немесе конкурс нысандарында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет