2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Мәмілелердің жарамсыздығының салдары



бет39/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Мәмілелердің жарамсыздығының салдары

Мәмілелердің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК 157-бабында белгіленген.
АК 157-б. 3-т. сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Егер мәміле ол орындала бастаудан бұрын жарамсыз деп танылса, онда ол орындалмауға тиіс. Егер мәміле орындала бастаса не толығымен орындалған болса, онда әрбір тарап өзінің мәміле кезінде алғандарын келесі жақка қайтарып береді. Қайтарып беру мүмкін болмаса, оның өтеуі ақшамен толықтырылады.
ҚР АК 157-б. 4,5 т. бip жақты реституцияны қолдануды не реституцияға жол бермеуді белгілейді.
"4. Егер мәміле, кылмыстық мақсатқа жетуге бағьпталып, екі тарапта да жымысқа ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс. Мұндай мәмілені бір тарап орындаған ретте, екінші тараптан алғандарының бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кіріспеген болса, мәміледе орындалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуге тиіс.
5. Қылмыстық мақсатқа жету жөнінде жымысқа ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуға тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойьшша тиесілі тәркіленуге тиіс.
6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігінде ішнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлікте екі жақты реституция қолданылады.
Келесі тараптың қылмыстық әрекеттері салдарынан жарамсыз деп танылған мәміледегі кінәсыз жәбірленуші тарап келесі тараптан мәміле бойынша берілген мүлікті қайтаруды ғана емес, сондай-ақ мәмілені жарамсыз деп тану фактісінен туындаған залалдардың орнын толтыруды да талап етуге құқылы.
АК-ның 160-бабы жалған және қулықпен жасалған мәміле ұғымын анықтап, олардың салдарын көрсетеді. Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәміле жалған мәміле деп аталады. Мысалы, өзінің, үстінен қылмыстық ic қозғалған адам мүлкінің тәркіленуінен қауіптеніп, үйіндегі бағалы заттарын туысына "сатады" да, одан ақшаны алмай, заттарымды алғашқы келiсiм бойынша қайтарасын деп уағдаласады. Жалған мәміле кейде өтipiк мәміле деп те аталады.
Мәміленің өтipiк жасалғанын дәлелдеу міндеті осындай тұжырымды ұсынушы адамға жүктеледі.
Жалған мәміледен өзгеше, қулықпен жасалатын мәміледе тараптардың еркі айналадағылар үшін сырттай көрінетін емес, өзге тараптардың ойындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға бағытталады. Қулықпен жасалатын мәміледе: а) басқа мәмілені бүркеп тұратын сыртқы, қулықпен жасалатын мәмілені; б) мәмілені бүркеп тұратын, шала, қулықпен жасалатын мәмілені ажырату керек.
Қулықпен жасалатын мәміле көбіне заңның тыйым салған тұстарын орағытып өтуге бағытталған. Алайда, айналадағы тараптардың шынайы ниеті туралы жалған түсінікті туғызғанымен, заңға қайшы нәтижеге жетуге бағытталмаған қулықпен жасалатын мәмілелер де болады. Мысалы, азамат өзінің басқа адаммен ерекше қатынасын көпшілікке жария еткісі келмейді. Сондықтан оған бағалы мүлкті сый ретінде бере отырып, азамат ic жүзінде мүлік үшін ақша алмайтын болса да, оны сатып алу-сату шартымен ресімдейді. Кейде қулықпен жасалатын мәміле барынша заңды ұағдаластықты дұрыс ресімдей білмейтін тараптардың заңдық бейхабарлығынан пайда болады.
Қулықпен жасалатын мәміледе екі мәмілені айыруға болатындықтан, олардың әрқайсысы өз бетінше бағалауды керек етеді. Басқа мәмілені бүркеп тұратын мәміле қашан да жарамсыз болады. Тараптар ic жүзінде бұған тырыспағандықтан, оның ешқандай салдары болмайды.
Тараптар шын мәнінде қулықпен жасаған мәмілеге келетін болсақ, оның заңдылығы немесе заңсыздығы нақты белгілері бойынша анықталады. Егер тараптар мұндай белгілер бойынша заңды бұзса, қулықпен жасалған мәміле де жарамсыз болады.
Мемлекеттің және үшінші жақтың заң жүзінде қорғалатын мүдделерін бұзбайтын толығымен заңды мәміле бүркемеленетін жағдайда ол жарамды деп танылады және оның орындалуы тараптар үшін әлде бip қолайсыз салдар туғызбайды.
Егер мәмілені оның жарамсыз белгісін еңгізбей-ақ жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, мәміленің бip бөлгінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына әкеп соқтырмайды (АК-ның 161-бабы). Мысалы, тараптар тұрғын үйді сатып алу-сату жөнінде уағдаласты, оның үстіне, сатушы үйді сатып алушыға өткізгенге дейін асүй мен дәлізді қайта жоспарлау міндетін өзіне алады. Қайта жоспарлау жобасын қарастырғанда оның міндетті құрылыс салу нормаларын бұзатыны анықталады. Мұнда қайта жоспарлау туралы шартты ғана жарамсыз деп тануға болады, ал қалған тұсында - мәмілені кедергісіз орындау керек.
АК-ның 162-бабы мәмілелердің жарамсыздығы туралы дауларға қатысты кейбір талап қою мерзімдерін есептеу ерекшеліктерін белгілейді. Атап айтқанда, АК-ның 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығымен байланысты даулар бойынша талап қою мерзім оның ықпалымен мәміле жасалған зорлық-зомбылық немесе қорқыту тоқталған күннен бастап не талапкер 9 және 10-тармақтарда көзделген және мәмілені жарамсыз деп тану үшін негіз болатын өзге де мән-жайлар жөнінде білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 1 жыл болады. Мәмілелердің жарамсыздығы жөніндегі даулар бойынша қалған жағдайларда, егер заң актілерінде өзге мерзім көзделмесе, талап қою мерзімінің жалпы үш жылдық мерзімі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет