2. Берілген жобаның қажеттілігі мен алғышарттары



бет2/4
Дата06.08.2022
өлшемі23,8 Kb.
#38070
1   2   3   4
Байланысты:
ЕББҚ жоба 6-топ

3. Жобаның мақсаттары:

  • қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;

  • оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;

  • оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу;

  • жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу.



4. Міндеттері:

  • оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру;

  • оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету;

  • оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық деңгейін анықтау;

  • әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау;

  • оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

  • мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;

  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету;

  • бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру;

  • мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;

  • іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеусақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялықпедагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру;

  • ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу;

  • инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;

  • сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс. Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет