2. Берілген жобаның қажеттілігі мен алғышарттары



бет1/4
Дата06.08.2022
өлшемі23,8 Kb.
#38070
  1   2   3   4

1. Жоба тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері жүйесі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.
2. Берілген жобаның қажеттілігі мен алғышарттары: Критериaлды бaғaлaу тұтac педaгoгикaлық прoцеcтің құрaмдac бөлігі бoлып тaбылaды. Бaғa oқушылaрмен oқу прoцеcінің caпacын aрттыру мaқcaтымен aнaғұрлым ұтымды әдіcтерді тaңдaу үшін қaжетті кері бaйлaныcты қaмтaмacыз етеді. Инклюзивті мектепте бaғa шынaйылық, aқпaрaттылық, кері бaйлaныcты қaмтaмacыз ету cияқты критерийлерге cәйкеc бoлуы қажет. Бaғaлaудың кез келген әдіcтері мен түрлері oқушы мүгедектігінің нaқты түрін немеcе прoблемacын еcкеруі тиіc.
Өзектілігі: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс. Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Құзыреттілік оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық, іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі.

- Проблема, мәселені шешуге бағытталған жоба?


Проблеманың тұжырымдамасы, мәселені шешуге бағытталған жобалар, заманауи қазақстандық білім беру саласындағы өзекті проблемаларды көрсету қажет: оқыту пәнінің мазмұнын жаңғырту жолдары және іске асыру технологиялары, келешек білім беру технологияларын қолдану және әзірлеу (соның ішінде ақпараттық), дарынды және оқуда қиындықтары бар балаларды оқыту; кәсіби педагогикалық ұйым басшылары мен білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмысты қайта құру, білім беру қызметінің тапсырыс берушілерімен әлеуметтік серіктестікті орнату (білім беру мекемесіне тікелей немесе жанама ықпал ететін сыртқы ортаның басқа мекемелері).
- Зерттеудің объектісін анықтауда, не қаралып жатқанына жауап беру. Зерттеу объектісі – таным үдерісі неге бағытталғанына нұсқау беру.
- Зерттеу нысаны – объект ерекшеліктері, көріністері, тараптары, қасиеттеріне аса маңызды тәжірибелік және теориялық көзқарастарына нұсқау, зерттеуді жүргізудің шеңбері барысындағы тікелей зерделеу. Объектіге қарасты көзқарас, қарау аспектісі, объектідегі нақты не зерттелетіні, қалай зерттелетіні, қалай қаралатыны, қандай жаңа қатынастар, қасиеттері, фунциялары туралы ұсыныс беру.
- Зерттеу гипотезасы – бұл болжам, әр түрлі фактілердің негізінде объектінің бары, байланысы және құбылыстардың себептері туралы жасалынатын қорытындысы, бірақ бұл шешімді дәлелденген деп айтуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет