2. Берілген жобаның қажеттілігі мен алғышарттары



бет3/4
Дата06.08.2022
өлшемі23,8 Kb.
#38070
1   2   3   4
Байланысты:
ЕББҚ жоба 6-топ

5. Мақсатты топтар:

  • Оқушылар;

  • Ата-аналар;

  • Мектептер;

  • Мектеп әкімшілігі;

  • Жұмыс берушілер;

  • Шешім қабылдаушы мемлекеттік органдар;

  • Қоғам;



6. Жобаны іске асыру мерзімі. 1- 2 жыл


7. Үдерістің технологиясы және қажетті материалдар. Көрсетілген іс- шараларды жүзеге асырудағы Сізге қажетті құралдарды көрсетіңіз, қандай әдістерді Сіз қолданасыз (білім беру шаралары болса), қандай құралдар Сізге қажет болады, қандай бағалау тәсілдерін Сіз қолданасыз?
8. Күтілетін нәтиже. Нәтижесінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін жалпы білім беру стандартына сәйкес, тиісті критерийлермен бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге бағытталған жұмыс болып табылады. Оқу бағдарламасындағы түзете-дамыту компонентінен ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушымен түзетедамыту жұмыстары жүргізілген жағдайда, пән мұғалімі жеке дамыту бағдарламасының нәтижелерін өз жұмысының барысында ескеруі тиіс. Бұл 36 жағдайда, критериалды бағалау жүйесінің икемділігі мұғалімге қалыптастырушы бағалау критерийлерін жекелеген тақырыптарды өту барысында өзгертіп отыруына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта оқушыға қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға болады.
9. Мониторинг және жобаны бағалау тәсілдері. Критерийлер оқу тапсырмасының қандай деңгейде орындалғанын нақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының оқу мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде жақындағанын анықтап береді. Критериалды бағалау жүйесін қолдануда әрбір тапсырма бағаланып отырады. Нәтиже әрбір тапсырманың жекелеген элементтерінің дұрыс орындалуына қойылған бағалаудан тұратын жиынтық балдық көрсеткішпен өлшенеді. Критериалды бағалау жүйесі кері байланыс функциясын атқарады. Сондықтан күнделікті ағымдағы оқу тапсырмаларын орындау барысындағы ең қанағаттанғысыз нәтиженің өзін оқушы жеке оқу жетістіктерін жақсарту үшін берілген ұсынымдар деп қабылдайды. Критериалды бағалау жүйесінде әр балдық көрсеткіш жетістік деңгейін көрсетеді. Маңыздысы, бағалау шкаласының нөлден басталатынында, бұл оқушының жеке тұлғалық қасиеттері емес, керісінше оқу іс-әрекеті бағалаудың тағы бір көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет