2 Билет Жасуша



бет2/13
Дата20.02.2023
өлшемі49,78 Kb.
#69453
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
35 билет

Организм дегеніміз - өзін-өзі қайталап жасауға, өздігінен дамуға және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар тірі биологиялық біртұтас жүйе. Организм түрлік жағынан өзін бірыңғай тұтас нәрсе ретінде көрсетеді. Организмнің тұтастығы, яғни оның бірігуі (интеграциялануы):
1. Организмнің барлық бөлшектерінің ( жасуша, тін, ағза, сұйықтар т.б ) қосылуымен;
2. Организмнің барлық бөліктерінің : а)оның тамырларында , қуыстары мен кеңістіктерінде айнала ағып жататын сұйықтардың (гуморалдық байланыс, humorсұйықтық); ә) организмнің барлық үрдістерін реттейтін нерв жүйесінің көмегі арқылы байланысуымен қамтамасыз етіледі. Әлі нерв жүйесі жоқ қарапайым біржасушалы организмдерге (мысалы , амебалар ) байланыстың тек бір ғана түрі - гуморалдық байланыс тән. Нерв жүйесінің дамуымен байланысты - гуморалдық және нервтік байланыстар пайда болып, жануарлар құрылысы күрделеніп, нерв жүйесі дамыған сайын '' денені меңгеріп '', әрі организмнің барлық үрдістерін, оның ішінде гуморалдық үрдістерді де өзіне бағындырды. Нәтижесінде нерв жүйесінің жетекшілік рөлімен бірыңғай нейрогуморалдық реттелу құрылды. Сүйтіп өзінің тарамдары арқылы дененің барлық ағзалары мен тіндерін торлап өтетін және гуморалдық байланыспен бірге организмнің бірыңғай тұтас нәрсеге бірігуінің (интеграцияның) материалдық анатомиялық субстраты болып табылатын нерв жүйесінің қызметі арқылы организмнің тұтастығына қол жетеді. Екіншіден, организмнің тұтастығы оның вегетативтік және анималдық үрдістерінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Үшіншіден, организмнің тұтастығы рух пен дененің, психика мен сомалық, дененің бірлігінде. Идеализм жанды дербес және танылмайтын деп санап,жанды денеден бөледі. Диалектикалық матерализм денеден бөлінген психика жоқ деп есептейді. Психика ойлау қабілеті бар ең жоғары дамыған және ерекше ұйымдасқан материяның көрінісі болып табылатын мидың денелік ағзаның қызметі болып табылады. Организмдегі элементтердің өзара қатынасы. Бүтін дегеніміз - оны басқа жүйелерден өзгешелейтін ерекше сапасы бар элементтер мен үрдістердің күрделі жүйесі, бөлік дегеніміз - бұл жүйенің бүтінге бағынған элементі. Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі.
Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.[
ЭПИФИЗ – ОРНАЛАСУЫ Эпифиз мидың үшінші қарыншасында орналасқан диэнцефалиялық төбенің артқы бөлігінде, төрттік пластинаның астында орналасқан. Ол адамның психикалық және физикалық процестерінің көпшілігіне жауап беретін фронтальды мимен байланысы бар. Оның өлшемі шамамен 10 мм, бірақ ол әрбір адамның өміріне орасан зор әсер етеді Известно, что эпифиз вырабатывает следующие гормоны: •Мелатонин. •Адреногломерулотропин. •Серотонин. •Гистамин. •Норадреналин.
Билет 5
1. Сүйектер туралы ілім. Қаңқа, бөліктері, маңызы, қызметі.
2 Бүйрекүсті бездері. Латынша атауы, орналасуы, құрылысы, гормондары.
3 Көздіңкөмекші аппараты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет