Бас бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау және ымдау.
Ымдау бұлшық еттері тері астында орналасқан, сол себепті ет жапқыш шандырлары болмайды,және олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, бет терісіне бекиді. Ымдау бұлшық еттеріне: а) маңдай шүйде бұлшық еттері, сіңірлі жапқышпен жалғанған; б) құлақ еттері-үшке бөлінеді: алдыңғы, жоғарғы және төменгі, олар самай шандырынан басталып құлақ қалқанына бекиді. в) көздің дөңгелек еті- көз шарасында орналасқан.
Ымдау еттеріне үлкен және кіші бұлшық еттер, мұрын, ұрт, қас жиыру, ауыздың дөңгелек еті т.б. еттер жатады.
шайнау бұлшық еттеріне: а) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; б) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; в) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді.
2)Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Экзокринді бездердің өзегі бар, ал ішкі секреция безінде жоқ.
Ұйқы безінің Ішкі секреция қызмыті оның құйрық бөлігінде орналасатын Лангеранс аралшықтары арқылы іске асырылады. Ол аралшықтардың жасушаларынан инсулин, альфа жасушаларынан гликоген және липокаин бөлініп шығады.
АРАЛЫҚ МИ– ( diencephalon) барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктері- нің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, те- рі, ет және сіңір рецепторларының импульстер келіп, одан әрі мидың бас- қа бөліктеріне тарайды. Бұл мида ор- ганизмдегі су, тұз, көмірсу, май ал- масуын және дене жылылығын және т.б. бірқатар физиологиялық құбылыстарды реттеп тұратын вегетативтік
жүйке орталықтары бар. Зат алмасу, жүрек қан тамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді.
Билет 18 Адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен, төменгі жағынан бұғана және төс тұтқасымен шектеледі. Мойынның еттері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, т.б. қозғалыстарын жүргізеді. Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөледі. Соңғы тобы арқа еттерінің жалғасы болып табылады және олар арқа еттерімен бірге өтеді. Мойынның бүйір еттері жатқан жағдайына қарай беткей және терең еттер деп екіге бөледі. Мойынның беткей еттеріне төс-бұғана-емізікше еті мен теріасты мойынның беткей жатқан еттері жатады.
Жатыр (uterus) — адамның және жануарлардың ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі. Адам Жатыры кіші жамбас қуысында орналасады. Жатыр денесі алға қарай иіліп, жатыр мойнымен доғал бұрыш жасайды. Оның сырт пішіні алмұрт тәрізді. ұзындығы 8 см, салмағы 40 — 50 г. Жатырдың жоғарғы жағы — Жатыр денесі немесе Жатыр түбі, төменгі жағы Жатыр мойны деп аталады. Жатыр денесі: сыртқы — сір, ортаңғы — бұлшық етті, ішкі — шырышты қабаттардан, ал Жатыр мойны қынаптан және мойын өзегінен тұрады. Ол ұрық қабығы және қабықшасымен бірге ұрықты қоректік заттар, оттегі және сумен қамтамасыз етіп, заттек алмасуының қалдықтарын шығаруға қатысады.
Орталық ми- (mesencephalon) оған ми аяғы мен 4 төмпешік кіреді. Оның қуысы – сильвий түтігі. Төмпешіктерде сұр заттың ядролары бар. Жоғарғы екі төмпешікте көрудің қыртыс асты орталығы бар. Ол негізінен жарықты қабылдайды. Ал төменгі екі төмпешікте естудің қыртыс асты орталығы жатыр. Ол дыбысты қабылдайды. Орталық ми көлденең кесілгенде 3 бөліктен тұрады. Олар төбесі, қақпақ, ми аяқтарының негізі. Атқаратын қызметі: бұлшық еттің тонусын реттейді, жүру, тік жүру, рефлекстерінің орталығы, жоғарғы төмпешіктер көрудің қыртыс асты орталығы