№2 боөж тақырыбы: Сүйек тінінің коллагені, альбумині және гликопротеидтері



бет4/5
Дата22.05.2022
өлшемі4,75 Mb.
#35286
1   2   3   4   5
Байланысты:
Биохимия практика

  • Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда, лимфада және ткань сұйықтығында бірдей болады да, осмос қысымын өзгерте алмайды. Ал белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді, өйткені олардың қан тамырларының кі жағындағы концентрациясының арақатынасының шамасына байланысты, су қаннан тканьге, не керісінше, тканьнен қанға ауысып өтіп тұрады. Егер қанда белоктың мөлшері азайса, мысалы ашыққанда, су қан тамырынан тканьге өтеді де, соның нәтижесінде денеде ісік пайда болады. Қанның белогы арқылы пайда болған осмос қысымын – онкотикалық (ісік) қысым деп атайды.
  • Организмдегі ақырғы қалдық өнімдерді сыртқа шығаратын органдарға бүйрек, тер бездері жатады. Осы органдар осмос қысымын реттеп отырады. Бұл органдар қызметінің нәтижесінде зат алмасу процесіндегі үнемі бөлініп тұратын ақырғы қалдық ыдырау өнімдері де осмос қысымын өзгерпейді. Қанға қарағанда несеп пен тердің осмос қысымы өте тұрақсыз, тез өзгергіш келеді. Тердің депрессия көрсеткіші 0,18 - 0,60, ал несептікі 0,2 – 2,2. Дене қызметі қанның осмос қысымын өзгертеді.

Қанның актив реакциясы

Қанның актив ракциясы гидроксил (ОН/) және сутегі (Н.) иондарының арақатынасымен беріледі. Ол рН деген белгімен белгіленеді. Сутегі көрсеткіші – рН – сутегі ион концентрациясының теріс ондық логарифмы. Қанның бұл реакциясы (рН) орташа есеппен 7,36 – ға тең. Қанның рН 7-ден төмен немесе 8-ден жоғары болып өзгеруі организмнің тіршілігі үшін өте қауіпті.

Буфер системасына және сыртқа шығару органдарына байланысты, организмде қанның актив реакциясы біршама тұрақты болады.


Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар , бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет