2 ДƏріс азатшыл -демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата11.11.2022
өлшемі109,08 Kb.
#49309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
58
 
жақсы сөздің сипаттарын білген адам сынай білмекші: 
сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң, 
асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің 
ең керек бөлімінің бірі болады» деген сыншылдық-
эстетикалық тұжырымдарының басты өзегі. Өз кезегінде 
Абай поэзиясының поэтикалық қуаты, эстетикалық күші 
сөз өнеріне деген талапты, талғамды еселей түсті. Əдеби 
даму үрдісіндегі осы ерекшелікті де зерттеуші терең 
зерделеп, оған қозғау салған Абай ықпалын орынды 
атайды. Бұған «Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы 
да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды, олай болғаны - 
Абай асыл сөздің айқындап нұсқаларын көрсеткеннің 
үстіне, аз да болса асыл сөз сипаттарын айтып та жұртты 
хабардар етті» деген пікірі нақты дəлел бола алады. Эпос, 
лирика, драма сынды əдеби тектерді əуезе, толғау, айтыс-
тартыс деп ұлттық сипатта берген зерттеуші əуезенің аңыз 
өлең түрін талдауында ақынның «Ескендір» поэмасын 
атайды. Ал, Абай шығармашылығының тың арнасы көркем 
аудармалар болды десек, əуезенің мысал түрін саралаудағы
тұжырымдарында Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов сынды 
əлем əдебиетіндегі мысал өлең шеберлерімен қатар Абай 
есімі де аталады. Əдебиетшінің «Əдебиет танытқыш» 
еңбегі ұлттық əдебиеттануда бағалаушылық сипатта 
аталып жүргінімен əдеби-теориялық тұрғыда арнаулы да 
кешенді зерттеу нысаны болғаны жоқ. Бұл ретте тек 
ғалым Рымғали Нұрғали тарапынан жүргізілген əдеби-
теориялық талдау мен салыстырмалы саралау ғана 
«Əдебиет танытқыштың» ғылыми сонылығын нақты 
қарастыруымен, бағалауымен ерекшеленеді. Сондықтан да 
«Ахмет Байтұрсынов лириканы - толғау деп алып, осы 
əдеби тектің қыр-сырын ерекше тиянақты талдап, орасан 
терең пікірлер тұжырымдап, сұлулық, көркемдік, əсемдік, 
шеберлік 
табиғатына 
қатысты 
ойларын 
бажайлай 
жеткізеді» немесе «Кейінгі қазақ əдебиетшілері орыс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет