2 ДƏріс азатшыл -демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата11.11.2022
өлшемі109,08 Kb.
#49309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
57
 
танытуды діттеген соны ой болатын. А.Байтұрсынұлы 
мақаласы əдебиетші ғалымдар тарапынан абайтанудағы 
алғашқы құнды еңбек ретінде бағалануда. С.Қирабаев 
«Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның 
ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, 
алғашқы пікір айтқан адам - Ахмет Байтұрсынов еді» деп 
жазса, Р.Нұрғали «Абайдың тарихи миссиясы, рухани 
болмысымыздағы орыны, көркемдік-эстетикалық сипаттар 
дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ 
оқырманының алдына тартылды» деген пікір білдіреді.
А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышы» ұлттық 
əдебиеттанудағы тұңғыш теориялық еңбек десек, оның əр 
бөлімі мен тарауында ғалым сөз өнерінің күрделі болмыс-
бітімін саралау барысында Абай поэзиясын мысалға ала 
отырып терең талдаулар жасайды. Ахметтанушы ғалым 
Р.Нұрғали атап өткеніндей «Қазақ əдебиетінің дамуына, 
əсіресе, əсері күшті болған Абай шығармалары екенін, 
сындар дəуірдің басы Абайдан басталатынын кесіп-пішіп 
тиянақтайды». 
А.Байтұрсынұлының 
біз 
қарастырып 
отырған еңбегінде өлең сөздің күрделі табиғатына қатысты 
құнды пікірлер айтылып, ұлттық əдебиеттануда қолға 
алуды қажет ететін теориялық мəселелер өз шешім таба 
білді. Ол өлең құрылысындағы орналасу тəртібіне орай 
ұйқасқа ат қою, атау тудырып, қалыптастыру десек, 
осынау маңызды істің алғашқы ғылыми мəселелері де 
«Əдебиет танытқыштан» бастау алды. Атап айтқанда
зерттеуші ұзын тармақты ұйқастың азат ұйқас, аралатпа 
ұйқас болып келетіні туралы пікір білдірді. Сыншылдық 
талап пен эстетикалық талғам қатар ұштасқанда əдебиет 
мерейі еселеніп, көркемдік таным асқақтай түседі. Ол 
ақынға ғана емес, талғамы биік оқырманға да қажетті ілкі 
қасиет. Бұл А.Байтұрсынұлының «Асыл сөздің сипаттарын 
білу тыңдаушыға да қажет» немесе «...Асыл сөздің 
сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, əр адамға керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет