2 дәріс Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың орнын толықтыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері Негізгі ұғымдар мен түсініктер: бжб



бет2/5
Дата22.12.2022
өлшемі31,94 Kb.
#59105
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 дәріс

Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да:
• Оқушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
- Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
- Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
- Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
- Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;
мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;
ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну;
5. Оқу нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау – оқушының білім алуына септігін тигізіп, сонымен қатар, алға қойған мақсаттарына үздіксіз бағытталып отыратын үрдіс.
Формативті бағалау бойынша қатып қалған «5, 4, 3 не 2» деген сандық бағалар болмайды. Ол бағалау критреилеріне сүйеніп, кері оқушымен кері байланыс орнатады. Яғни, оқушы қатесімен қайта жұмыстануға мүмкіндік алады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты – оқу үрдісі кезінде оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулердің енгізілуі. Бұл жердегі түзету енгізу шарасы мұғалім мен оқушы бірігіп пәнге байланысты жаңа мәселелердің шешімін қарастырады.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың пәнмен байланысты қойған мақсатына жету үрдісін назардан шығармай, қадағалап отыруға және дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Ал оқушыға білім алу барысында жоғары жауапкершілікті сезінуге септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет