Орындаған: Жақсылық Дамира ҚТӘ-201 топ студенті



Дата24.04.2023
өлшемі19,15 Kb.
#86068
Байланысты:
инклюзив Жақсылық Дамира ҚТӘ-201 срс


Орындаған: Жақсылық Дамира ҚТӘ-201 топ студенті

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Мектептегі білім мазмұнын заманауи қазақстандық қоғамның серпін сұраныстарына келтіру, функционалдық сауаттылығын дамыту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, вариативтілікті және оқыту формалары мен әдістерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету орта білімнің заманауи артықшылықтары болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында білім беру процесі оқушылардың психофизикалық ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жылпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы білім беру оқу бағдарламаларын қолдану арқылы іске асырылады. Жалпы білім беру оқу бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениетін, қоғамдық өмірге тұлғаның бейімделуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, саналы таңдау және кәсібі мен мамандығын меңгеру үшін негіз құруға бағытталған. Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін ендіру қажеттілігі жетті, яғни бағаға жүктелетін қызметтер ресми түрде хабарланып қана қоймай, сонымен бірге практикада жүзеге асырылуда. Оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақиқат және анық ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады.


Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы (коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы жүзеге асыруы тиіс. Инклюзивті білім берудің отбасылар үшін пайдалы әсері бар. Мәселен қалыпты дамып жатқан балаларға да, ерекше білімді қажет ететін балаларға да ата-ана болу – үлкен міндет болып табылады. Даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу кезінде ата-аналарда ерекше қиындықтар туа бастайды. Егер баланы инклюзивті балабақшаға немесе мектепке белгілеу мүмкіндігі болса – бұл ата-анаға деген үлкен көмек. Егер олар өз балалары баратын балабақша тобының немесе мектеп өміріне белсенді қосылса, онда олардың уайымдары азаймақ. Инклюзивті балабақшаға немесе мектепке баратын бала күннен-күнге жағымды жаққа қарай өзгереді, басқаша бола бастайды және ата-ана, қоршаған ортадан тыс болу сезімін азырақ сезінеді, сонымен қатар, тәрбие жұмысының тиімділігі жоғарылайды және баланың табысқа жетуіне көмектеседі. Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық бейнелейді.
Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады.
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс. Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр. Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың ара-қатынасы мәнді болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше функциясын атауға болады:
Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.
Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, білім алушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін өте маңызды.
Бұл кезде есепті бастау табалдырығы ретінде осындай балалар үшін нақты анықталуға жататын дәл осы міндетті минимумды алу анағұрлым ұтымды көрінуде.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім жетістіктерін бағалау білім алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, оқудағы жетістіктерінің және білім беру процесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларда орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін оның танымдық қызметінің түрлі салаларындағы табыстарының (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын жеткізу және т.б.) динамикасын да тіркеуі тиіс.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет