ФП – екікомпонентті,
Ко – флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениндинуклеотид (ФАД).
Ко-нің құрамына В2 витамині (рибофлавин) кіреді.
Апофермент пен кофермент берік байланысқан.
Екінші реттік ДГ, субстратпен тікелей әрекеттеспейді, сутегін тотықсызданған ПФ-нен (ПФ-НАДН2) қосып алады.
БТ-ға қатысады.
Бірінші реттік ДГ, субстраттан сутегін тікелей қосып алады. БТ-ға қатысады.
Мысалы: сукцинатдегидрогеназа (СДГ) ферменті янтар қышқылын фумар қышқылына дейін тотықтырады, Ко ФАД ФАДН2-ге тотықсызданады.
ФП тотыққан күйінде сары түс береді, сондықтан оларды ХП-ге, соның ішінде тыныс алу ферменттеріне жатқызады. Тотықсызданған күйде түссізденеді.
ФП-нің тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) жоғары, сондықтан олар ПФ-ны тотықтырады, өзі тотықсызданған формаға айналады:
НАДН2 НАД ФП (ФМН) ФПН2 (ФМНН2) тотыққан тотықсызданған ФП тотықсызданғанда диметилизоаллоксазин сақинасындағы 2 қос байланыстың орнына 1 қос байланыс түзіледі. Соның нәтижесінде 1ші және 10шы орындардағы азотқа (N1 және N10) сутек атомдары байланысады. Тотықсызданған ФП убихинон арқылы тотығады.
тотыққан (сары) тотықсызданған (түссіз) Кейбір ФП оттегімен тікелей әрекеттесіп, сутегінің асқын тотығын (Н2О2) түзеді. Реакцияның сипаты дегидрлену емес, оттегімен тотығу болғандықтан, оларды оксидазалар деп есептеуге болады. Мысалы, ксантиноксидаза, моноаминоксидаза (МАО), диаминоксидаза (ДАО).
Цитохромдар Цитохромдар деп жасушада және микроорганизмдерде кездесетін, биологиялық тотығу (БТ) тізбегінде электрондарды тасымалдайтын бір топ ферменттерді айтады. Олар сіңіру спектрінің ерекшелігіне қарай бөлінеді:
Цитохромдар (Цх) – екікомпонентті,
Ко – гем және оның туындылары.
Гемнің құрамындағы темір ионы ауыспалы валентті, сондықтан олар электронды қосып алып, тотықсызданған күйге (Fe2+) және электронды жоғалтып, тотыққан күйге (Fe3+) айналады.
тотыққан – ферри (Fe3+), тотықсызданған – ферро (Fe2+).