ПФ тотыққан және тотықсызданған формада болады.
ПФ – біріншілік ДГ, яғни субстратты тікелей тотықтырады.
ПФ құрылысы жағынан күрделі болғанымен, іс жүзінде никотинамид қана тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады. Қалған бөлігі реакция барысында коферменттің тұрақтылығын сақтап, реакцияның ақаусыз жүруін қамтамасыз етеді.
Никотинамид субстратты тотықтырады, өзі тотықсызданады, яғни субстраттан бөлінген Н атомын С4 орнына, ал 2е--ды 1-ші орындағы азот ионына қосып алады.
Нәтижесінде никотинамидтегі 3 қос байланыс 2 қос байланысқа, ал азот атомы бейтарап күйге тотықсызданады. Кофермент пен апофермент бөлініп кетеді: